Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

ҚР ПІБ МО ауруханасында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

ҚР ПІБ МО ауруханасында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті ҚР ПІБ МО ауруханасында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті ҚР ПІБ МО ауруханасында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті ҚР ПІБ МО ауруханасында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Азаматтық қорғаныс саласындағы оқу-жаттығу өткізу жоспарына сәйкес ҚР ПІБ МО ауруханасында «Аурухананың «В1» блогының астыңғы қабатында орналасқан Дәріхана қоймасында өрт болып, химиялық зат жарылған жағдайда салдарын жою, сонымен қатар төтенше жағдай ошағынан зардап шеккендер түскен кезде қабылдауды ұйымдастыру мен жедел медициналық көмек көрсету» тақырыбында штаб жаттығуы өткізілді.

Штаб жаттығуының негізгі мақсаты – төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған жағдайда Аурухана қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекетке дайын болуы және Астана қаласының азаматтық қорғаныс аймақтық бөлімшелерімен өзара іс-әрекетті жөнге қою.

Штаб жаттығуына Астана қаласы ТЖД «№4 Мамандандырылған өрт сөндіру қызметі» мемлекеттік басқармасының жеке құрамы қатысты. Сонымен қатар ҚР ПІБ МО ауруханасының Санитария-эпидемиологиялық сараптама орталығының Санитария-химия бригадасы, Аурухананың апатты-техникалық командасы, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру посты, жедел медициналық көмек бригадасы да қатысушылар қатарында болды.

Жаттығу барысында «Қызыл код» және «Сары код» белгісі бойынша іс-шаралар кешені назарға алынғанын айта кеткен жөн. Атап айтсақ, «В1» блогында астыңғы қабатта орналасқан Дәріханада болған өртті шартты түрде сөндіру, Аурухана қызметкерлері мен келушілерін эвакуациялап, жағдайы ауыр науқастарды шығару үшін автобаспалдақ ұйымдастыру, әсері қатты улы заттардың шоғырын анықтау, газсыздандыру мен су бүркемесін өткізу бойынша жұмыстар атқарылды.

Аурухана қызметкерлері Штаб жаттығуына белсенді қатысқанын айта кетейік. Олар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде үйлесімді жұмыс істеп, өздерінің шапшаңдығы мен кәсібилігін көрсетті.