Басты бетМАУСЫМДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР: ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНАН ҚОРҒАНУ

МАУСЫМДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР: ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНАН ҚОРҒАНУ

МАУСЫМДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР: ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНАН ҚОРҒАНУ МАУСЫМДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР: ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНАН ҚОРҒАНУ

Әр маусым басталғанда бізді жаңа қиындықтар күтіп тұрады, олардың бірі – ішек инфекциясы. Жаздың ыстық ауа-райында жіті ішек инфекциялары, соның ішінде тағамдық токсикоинфекциялар, денсаулығыңыз үшін маңызды мәселе болуы мүмкін.

Ішек инфекцияларының дамуына ықпал ететін қауіп факторлары:

  • Гигиена деңгейінің төмендігі.
  • Сапасыз тағам.
  • Сақтық шаралары сақталмаған жағдайда ішек инфекцияларынан зардап шегетін адамдармен байланыс.
  • Ластанған су және ауыз су көздері.
  • Санитария және гигиена стандарттары төмен елдерге саяхат.
  • Иммундық қорғаныстың төмендігі (балалар, қарттар немесе созылмалы ауруларға шалдыққан адамдар ішек инфекцияларының дамуына осал болуы мүмкін).
  • Салауатты өмір салтын сақтамау (темекі шегу, алкоголь ішу, дұрыс тамақтанбау).

Тиімді алдын алу шаралары:

  • Тазалық – денсаулық кепілі

Ішек инфекцияларының алдын алудағы бірінші және маңызды қадам - гигиена сақтау. Сырттан келгеннен кейін, тамақ дайындамас бұрын, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін, жануарлармен және басқа да ластанған заттармен байланыста болғаннан кейін қолыңызды сабынмен үнемі жуып отыру керек.

  • Азық-түлік қауіпсіздігі

Тағамдарды таңдау және оларды дұрыс өңдеу – ішек инфекцияларымен күресудің тағы бір маңызды жолы:

  • азық-түлікті жарамдылық мерзіміне қарап, сенімді жеткізушілерден сатып алыңыз.
  • қолданар алдында көкөніс пен жемісті мұқият жуыңыз,
  • етті, балықты, жұмыртқаны және т. б. жануар өнімдерін дұрыс пісіріңіз, барлық микробтарды өлтіру үшін оларды жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз.  
  • айқас ластанудың алдын алу үшін ет пен көкөніс/жеміске, нанға және басқа да дайын   тағамдарға бөлек тақталар мен пышақтарды қолданыңыз.
  • азық-түлікті дұрыс сақтаңыз (тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта 5°C-тан төмен температурада сақтау керек).
  • Су ішу режимі

Тек сенімді қайнар көзден таза су ішіңіз. Егер судың сапасы күмән тудырса, бөтелкедегі, сүзілген немесе қайнатылған суды ішкен дұрыс. Сусындардағы мұз да инфекция көзі болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

  • Сапар кезінде сақ болу

Егер Ссз, әсіресе гигиена стандарттары төмен елдерге саяхаттасаңыз, тамақтану орнын, азық-түлік пен судың сапасын таңдауға ерекше назар аударыңыз.

  • Симптомдарға назар аудару

Организміңізге мұқият болыңыз. Егер сіз ішек инфекциясының белгілерін байқасаңыз (жүрек айну, құсу, диарея, қызба), дереу дәрігерге қаралыңыз.

Маңызды! Осы қарапайым нұсқауларды орындау Сізді және жақындарыңызды жылдың кез келген уақытында ішек инфекцияларынан қорғауға көмектеседі.

Есіңізде болсын! Денсаулық – қамқорлықты талап ететін біздің ең құнды ресурсымыз.