Басты бет«МЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМ, МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ»

«МЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМ, МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ»

«МЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМ, МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ» «МЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМ, МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ»

«Менің денсаулығым, менің құқығым» - бұл 2024 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы. ДДҰ сарапшылары сапалы медициналық қызметтерге, білім мен ақпаратқа, сондай-ақ қауіпсіз ауыз суға, таза ауаға, дұрыс тамақтануға, сапалы тұрғын үйге, еңбекке және қоршаған орта жағдайларына және кемсітушіліктен бостандыққа қол жеткізуге құқылы деп санайды.

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында 5 сәуірде СӨСҚО қызметкерлері ҚЕжОО оңалту дәрігері Эдуард Варушкиннің қатысуымен жалпыауруханалық жиналыста жаппай жаттығу ұйымдастырып өткізді.

Жалпы адам мен қоғамның денсаулығы көптеген әлеуметтік, табиғи және биологиялық факторларға байланысты және 20% қоршаған ортасымен, 20% тұқым қуалаушылықпен, 50% өмір салтымен анықталады, оның тек 10% денсаулық сақтау жүйесіне байланысты.

Адамның денсаулығы, ең алдымен, оның өзіне байланысты.

Денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және ұзақ өмір сүру үшін не қажет?

  • Салауатты өмір салтын ұстану (физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, стреске төзімділік, дұрыс ұйқы, жаман әдеттерден бас тарту);
  • Өзіне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарау;
  • Денсаулық пен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тауарлар мен қызметтерді таңдау;
  • Профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, иммундау мен диспансерлеуден (созылмалы аурулар болған жағдайда) уақытылы өту.

Есіңізде болсын! Денсаулық пен салауатты өмір салты - бұл адамның осы әлемде өмір сүруінің қуанышты сезімін беретін негізгі құндылықтары.