Басты бетӨңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары ҚР ПІБ МО ауруханасына келді

Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары ҚР ПІБ МО ауруханасына келді

Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары  ҚР ПІБ МО ауруханасына келді Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары  ҚР ПІБ МО ауруханасына келді Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары  ҚР ПІБ МО ауруханасына келді Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары  ҚР ПІБ МО ауруханасына келді Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары  ҚР ПІБ МО ауруханасына келді

Елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кезекті отырысы өтті. Алқа шеңберінде Денсаулық сақтау министрі, Денсаулық сақтау вице-министрі, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және республиканың медициналық мекемелері бас дәрігерлерінің қатысуымен республиканың денсаулық сақтау жүйесінің бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Алқа отырысының соңғы кезеңі өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары басшыларының әрі қарай тарату және жұмыста пайдалану мақсатында медициналық ұйымдарда енгізілген үздік тәжірибелерімен танысу бағдарламасымен жалғасты.

Таныстыру аясында Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Check-up бөлімшесінде болды. Делегация кездесуі аурухана туралы таныстыру презентациясы мен енгізілген инновацияларды талқылаудан басталды. Check-up бөлімшесін аралаған қонақтар пациенттерді қабылдау мен тексерудің жоғары деңгейін, жоғары технологиялық жабдығын атап өтті.

Өз кезегінде бөлімше қызметкерлері қысқа мерзімде диагностикалық қызметтердің белгілі бір спектрін қалай жүргізуге болатынын және жоғары білікті мамандардың толық ұсынысымен жалпы қорытынды беру мүмкіндігі туралы тәжірибелерімен бөлісті.