Түсті қырыққабат брокколи, қырыққабат және брюссель қырыққабаты сияқты көкөністермен бірге шаршыгүлділер тұқымдасына жататын ең пайдалы тағамдардың бірі болып саналады. Көптеген зерттеулер шаршыгүлді көкөністерді дәрумендердің, каротиноидтардың, талшықтардың, еритін қанттардың, минералдардың және фенолдық қосылыстардың жоғары құрамына байланысты табиғи антиоксиданттардың көзі екенін дәлелдеді.
Түсті қырыққабаттың артықшылығы оның құрамында көптеген пайдалы заттар бар:
- қабынуға қарсы
- антикарциногендік қасиеттері
- жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан қорғайды
- ми жұмысын жақсартады
- салмақ тастауға ықпал етеді
Калориясы аз болғандықтан түрлі тағамдардың бөлігі ретінде түсті қырыққабатты көбірек жей аласыз.
Қабынудан қорғау
Түсті қырыққабат антиоксиданттарға және бета-каротин, кофеин қышқылы, рутин және т.б. сияқты қабынуға қарсы қосылыстарға бай. Бұл заттар созылмалы аурулардың даму факторы болып табылатын тотығу стрессін, қабыну реакцияларын азайтуға көмектеседі.
100 г түсті қырыққабатта қабынуға қарсы қасиеттерімен белгілі С витаминінің тәуліктік мөлшерінің шамамен 77%-ы бар.
Шаршыгүлділер тұқымдастарын зерттеу кезінде сүт безі обырының, сондай-ақ жуан ішектің, бауырдың, өкпенің және асқазан обырынң дамуын азайтуға көмектесетін канцерогенге қарсы қасиеттер анықталды. Сондықтан оларды обыр дамуының ең тиімді алдын алатын өнімге жатқызуға болады.
Жүрек және ми ауруларының қаупін азайту
Түсті қырыққабаттың құрамында К дәрумені, С дәрумені, әртүрлі антиоксиданттар мен полиқанықпаған май қышқылдары болғандықтан қабынуға қарсы әсері бар, олар қан тамырларын түйіншек түзуден қорғайды, қан қысымын қалыпқа келтіреді және қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Бұл жүрек және қантамырлары ауруларының, инсульттің, қант диабетінің, сондай-ақ Альцгеймер ауруы мен Паркинсон ауруының даму қаупін азайтады.
Ас қорытуды жақсарту
Түсті қырыққабатта көп мөлшерде талшық бар, пісірілген өнімнің 100 г күнделікті қажеттіліктің шамамен 10% құрайды, ас қорыту жолдарына жақсы әсер етеді. Калориясы төмен, майы жоқ, көмірсуы аз және талшықтары көп түсті қырыққабат салмақ тастағысы келетіндер үшін тамаша тағам.
Қалқанша безінің жұмысына әсері
Зерттеулерге сәйкес, қалқанша безінің функциясының төмендеуімен, организмде йод тапшылығы бар адамдарға шикі шаршыгүлді көкөністерді көп мөлшерде жеу ұсынылмайды.
Ас қорыту бұзылыстары, соның ішінде газ түзілуі
Қырыққабат, түсті қырыққабатты және брокколиді қоса алғанда, шаршыгүлді көкөністерді шикідей тұтынғанда кейбір адамдар ас қорыту проблемаларын сезінеді. Мұның себебі - бұл көкөністердің құрамындағы көмірсулар ас қорыту жолында толық ыдырамайды және көп талшық пен күкіртпен қосылып, қолайсыздық тудырады. Бұл көкөністерді термиялық өңдеу (қайнату, бұқтыру, қуыру) бұл мәселені шешеді.
Шаршыгүлді көкөністерде пуриндер деп аталатын қосылыстар бар. Пуриндер зәр қышқылына айналады және тұз түрінде сақталады, бұл несеп-тас және подаграмен ауыратын адамдарда симптомдарды күшейтеді.
Назар аударыңыз!
Егер анамнезіңізде бүйрек тастары немесе подагра болса, түсті қырыққабатты көп мөлшерде тұтынбас бұрын дәрігермен кеңесу керек. Алайда бұл өнімді аз мөлшерде қолдансаңыз, жағымсыз салдары болмайды.