Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында мейірбикелердің кәсіби шыңдалуына жайлы жағдай жасалған

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында мейірбикелердің кәсіби шыңдалуына жайлы жағдай жасалған

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында мейірбикелердің кәсіби шыңдалуына жайлы жағдай жасалған ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында мейірбикелердің кәсіби шыңдалуына жайлы жағдай жасалған ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында мейірбикелердің кәсіби шыңдалуына жайлы жағдай жасалған ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында мейірбикелердің кәсіби шыңдалуына жайлы жағдай жасалған

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында 1000-нан аса мейірбике жұмыс істейді. Көпбейінді аурухананың хирургия, терапия және емхана бөлімдеріндегі мейірбикелер функционалдық міндеттеріне сай бір-бірінен өзара дараланады.

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас мейірбикесі Ләззат Ахмединованың айтуынша, мейірбике болып жұмыс істеу үшін мейірімділік қасиет бірінші кезекте қажет етіледі.  Себебі науқастардың түрлі халімен кездескенде олардың сауығуына тілеулестік танытып, медициналық қолғабысты шын ықыласпен көрсету маңызды.

– Мен бұл ауруханада 2014 жылдан бастап қызмет етіп келемін. Жалпы мейірбикелік еңбек жолым 1987 жылдан басталады. Оның 11 жылын жағдайы ауыр науқастардың ортасында, яғни реанимацияда өткіздім. Өмір мен өлім арасында жатқан науқастардың көзіндегі үміт отын сөндірмеуге жәрдемші болу, олардың сауығуына бір адамдай қуану – мамандығыма деген сүйіспеншікті одан сайын арттырады. Жас кезімде бір қарияның көз алдымда қоштасып кеткеніне жылағаным әлі есімде. Отыз алты жылдық тәжірибемде көлік, суық қару және өзге де ауыр жарақатты науқастардың ортасында талай жүгірдім. Тіпті қазіргідей бірреттік емес, шприцтерді қолмен жинап, өңдеу-тазалау жұмыстарын өзіміз атқарған кезеңді де көрдік. Осынау бай тәжірибеммен сүйіспеншілікке толы жұмысымды абыроймен атқарып келемін, – дейді Ләззат Ахмединова.

Медициналық орталық ауруханасында жұмыс істейтін мейіргерлер 20 %-ға жуықтайды. Жансақтау, хирургия, травматология сияқты ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық күтім көрсетуде мейіргерлердің атқарар рөлі айрықша маңызға ие. Ерлер тарапынан мейіргерлік қызметке қызуғушылық танытушылар қатары да күн сайын артып келеді.

Ауруханада мейірбикелердің білім мен біліктілігін арттырып, кәсіби шыңдалуына жайлы жағдай жасалған. Медицинадағы заманауи технологияларды меңгеруде  тәжірибе алмасу үшін алыс-жақын шетелдерге оқуға жіберіледі. Сондықтан бүгінде медбикелер мейіргер ісінің маманы ретінде науқастарға мультидисциплинарлық тексерісті дәрігерлермен бір шепте жүргізе алады.

Дәрігер мен науқастың арасындағы алтын көпір болған барша мейіргер ісінің маманын халықаралық мейірбикелер күнімен құттықтаймыз!