Жыл сайын 7 сәуірде ДДСҰ құрылғанына орай Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық күні - бұл біздің планетамыздың әрбір тұрғынының назарын денсаулық пен денсаулық мәселелеріне аударуға бағытталған жаһандық науқан.
Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған акция өтті.
Акцияның мақсаты: Ауруханаға келушілердің назарын денсаулық пен денсаулық мәселелеріне аудару.
Акция барысында үлкен конференц-залда СӨСҚО қызметкерлері Астана Медицина университетінің 3 курс студенттерінің қатысуымен флэш-моб ұйымдастырып, ҚКЕжОО реабилитолог дәрігері Эдуард Варушкиннің қатысуымен жаппай жаттығу жасалды.
Одан әрі акцияның негізгі бөлігі 1-қабаттағы Аурухана галереясында жалғасын тапты. Келушілер үшін студенттер флэш-моб ұсынып, денсаулық, СӨС қағидаттары, аурулардың алдын алу туралы ақпараттандыру бойынша блиц-сауалнама алды. Дұрыс жауап берген пациенттерге алма таратылды.
Барлық ниет білдірген келушілерге СӨСҚО әдіскер-дәрігері Г.Қ.Тұрдынова, диетолог дәрігер А.К. Тұңғышбаева аурулардың алдын алу (мінез-құлық қауіп факторлары, дұрыс тамақтану, СӨС қағидаттары) бойынша тегін консультациялар беріп, көрнекі ақпараттық материалдар (жаднамалар, лифлеттер) таратты.
Консультациялар кезінде келушілерге денсаулық әр адам үшін басты құндылық екені, денсаулық пен өмір салтының тығыз байланысы, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік адамзаттың күнделікті әдетіне айналуы керектігі насихатталды.
Сондай-ақ, ҚКЕжОО мейірбикесі Т.К. Мауль мен КДЗ зертханашысы Ф.Жүсіпованың көмегімен акцияға қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылардың қан қысымын өлшеуге және қандағы қант деңгейін экспресс әдіспен анықтауға мүмкіндіктері болды.
Тізім бойынша барлығы 105 адам тіркелді. Акцияға жалпы 300-ден астам адам қатысты.
Келушілердің кері байланысына сәйкес акция өз мақсатына жетті!