Басты бетПаркинсон ауруы бар пациенттер форумы

Паркинсон ауруы бар пациенттер форумы

Паркинсон ауруы бар пациенттер форумы Паркинсон ауруы бар пациенттер форумы Паркинсон ауруы бар пациенттер форумы

Дүниежүзілік Паркинсон ауруымен күрес күніне орай ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасында Паркинсон ауруы бар пациенттер форумы өтті.

Форумның мақсаты ауру белгілерін анықтау, онымен күресу дағдыларын игеру, науқастарға ауруды емдеудің шараларын үйрету, психологиялық қолдау және дәрігерлер тарапынан медициналық көмек көрсетуге негізделді.

Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға Алматы, Павлодар, Орал қалаларынан да 25 емделуші отбасымен қатысты. Бағдарлама бойынша емделушілерге скандинавиялық жүрістен шеберлік сабағы, паркинсон ауруы бар науқастарды оңалтуда қолданылатын би терапиясы өткізілді. Соңғы 6 жылдан бері паркинсонмен күресе жүріп, өмірге дені сау бала әкелген кейіпкер Шынар Итқұсованың оқиғасы  қатысушыларды жігерлендіре түсті.

Сондай-ақ форум қатысушыларына ҚР ПІБ МО ауруханасының диетолог дәрігері Алтынай Тұңғышбаеваның «Паркинсон сырқатымен тамақтану ерекшелігі», нейрохирург Талғат Ермеков пен Исламбек Мұсабековтің «Ауруды емдеудің хирургиялық жолы» және Алматыдан келген невролог-паркинсонолог Анджела Тасқынбаеваның «Флуктация деген не?» тақырыптарында оқыған баяндамалары танымдық ақпарат берді.

Паркинсон мектебі емделушілерді қоғамнан жарықтатпай, отбасы алдында да өздерін бұрынғыша сенімді әрі сергек сезінуіне көмектеседі. Форумға жанұя мүшелерімен бірге шақырғанымыздың себебі де сол, оларға барынша медициналық және психологиялық қолдау көрсету. Бүгінгі қатысушылар форумның пайдалы әрі маңызды болғанын айтып, ризашылықтарын білдіруде. Алматыдан келген әріптестеріміз де жігерленген емделушілерді көріп, келесі жылы форумды оңтүстік астанада өткізуді ұсынды, – дейді форум ұйымдастырушысы, невролог-паркинсонолог Раушан Таутанова.