Бөлімше туралы
Магниттік-резонанстық томография - ішкі ағзаға тікелей кіргізбей, адам ағзаларының жай-күйінің егжей-тегжейлі көрінісін алуға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Құрылғының жұмыс принципі магнит өрістеріне негізделгендіктен, иондаушы сәулелену болмағандықтан зерттеу процесі мүлдем қауіпсіз.
Қазіргі уақытта магниттік-резонанстық томография адамның орталық жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының, буын және басқа да жүйелерінің ауруларын зерттеу мен диагностикалаудың ақпаратты жан-жақты беретін әдістерінің бірі болып табылады.
Бөлімше қызметтері
- Мидың магниттік-резонанстық трактографиясы - in vivo мидың өткізгіш жолдарының бағыты мен тұтастығын визуализациялауға мүмкіндік беретін диффузиялық-тензорлық магниттік-резонанстық томографияға негізделген диагностикалық әдіс.
- Трактография созылмалы ми ишемиясы, мотонейрон аурулары, шашыраңқы склероз, жіті таралған энцефаломиелит, ми ісіктері және орталық жүйке жүйесінің дамуындағы ауытқулар, кортикалды инфаркт кезіндегі аксоналды зақымдануды диагностикалауда қолданылады.
- Эпилепсия және селкілдек синдромы кезіндегі магниттік-резонанстық нейровизуализация. Пациентке ем жүргізу тактикасын анықтау және оны емдеу тәсілін (хирургиялық немесе консервативті) таңдау үшін ми құрылымындағы патологиялық ошақты («эпи-ошақ» деп аталатын) анықтауға мүмкіндік береді.
- Мидың 1Н магниттік-резонанстық спектроскопиясы. Протонды спектроскопия инвазиялық емес in vivo түрінде мидың химиялық құрамы – негізгі метаболиттер туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс аурудың ерте кезеңдерінде ми құрылымындағы патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
- Магнит өрісінің күші 3,0 Тл болатын магниттік-резонанстық томографтағы (МРТ) Pi-RADS v2 көп параметрлік бағдарлама.
- Қуық асты безінің қатерлі ісігі 4-7% жағдайда урологиялық белгілері және анамнезінде несеп-жыныс жүйесінің аурулары болмаған 50 және одан жоғары жастағы ерлерде анықталады.
- Бұл әдістеме Қазақстанда алғаш рет «ҚР ПІБ МО» Ауруханасының базасында енгізілді және осы күнге дейін біздің республикамыздың аумағында жалғыз болып табылады, жоғары дәлдікпен динамикалық контрасты зерттейтін бағдарламаны қолдану 90-95% дейін шынайылықпен қатерлі сипаттағы қуықасты безіндегі патологиялық ошақтарды анықтауға мүмкіндік береді.
- Магниттік–резонанстық энтерография - бұл жіңішке ішек ауруларын диагностикалаудың инновациялық әдісі, қазіргі кезде оған бәсеке болатын зерттеу әдістері жоқ, ол жіңішке ішектің жағдайы мен қоршаған талшық туралы инвазивті емес жолмен, күрделі зерттеулерсіз және көптеген талдауларсыз ақпарат береді.
Бөлімше дәрігерлері
Ельшибаева Эльмира Сериккалиевна Бөлімше меңгерушісі PhD Жоғары санатты дәрігер Еңбек өтілі 19 жыл |
|
Берестюк Игорь Николаевич КТ және МРТ дәрігер Жоғары санатты дәрігер Еңбек өтілі 18 жыл |
|
Дунь Александр Павлович КТ және МРТ дәрігер Бірінші санатты дәрігер Еңбек өтілі 17 жыл |
|
Қапи Райма Уәлиоллақызы КТ және МРТ дәрігер Медицина магистрі Жоғары санатты дәрігер Еңбек өтілі 24 жыл |
|
Марденқызы Дамиля КТ және МРТ дәрігер PhD Бірінші санатты дәрігер Еңбек өтілі 13 жыл |
|
Суйгенбаева Айгерим Жорабековна КТ және МРТ дәрігер Бірінші санатты дәрігер Еңбек өтілі 13 жыл |
|
Ғадылқан Салтанат Қадырқызы КТ және МРТ дәрігер Еңбек өтілі 4 жыл |
|
Хойшыбай Манар Маратқызы КТ және МРТ дәрігер Еңбек өтілі 3 жыл |
|
Ташпулатов Тахир Бахадирович КТ және МРТ дәрігер Еңбек өтілі 4 жыл |
|
Ибраев Шыңғыс Сайранұлы |
|
Ахназаров Шохрух Касимбекович |
|
Беккожин Дамир Асхатович |
Бөлімше байланыс құралдары
8 (7172) 70 78 88
8 (7172) 70 79 36
8 (7172) 70-79-34
+ 7 701 534 95 98
Бөлімше жұмыс кестесі
Дс-Сб: 8:00 - 20:00