Бөлімше туралы
Ақылы медициналық қызмет бөлімшесі – «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК емханасының құрылымдық бөлімшесі. Бөлімше пациенттерге ақылы негізде емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге арналған.
Бөлімше F блогының 2-қабатында орналасқан. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін.
Қабылдауды терапиялық және хирургиялық қызметтердің бейінді мамандары жүргізеді. Олар амбулаториялық-емханалық жағдайда үлкен практикалық тәжірибесі бар, пациенттерді диагностикалау мен емдеудің барлық әдістерін меңгерген, сондай-ақ амбулаториялық жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын жоғары білікті мамандар.
Бөлімшеде көрсетілетін қызметтер
- Пациенттерді қабылдау және оларға білікті медициналық көмек көрсету.
- Емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу.
- Жұмысқа орналасу кезінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерді және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу, сондай-ақ шетелге шығуға арналған медициналық тексерулер мен жүргізушілер комиссиясынан өту.
- Медициналық көрсетілімдер бойынша Аурухананың стационарлық бөлімшелеріне жатқызу.
- Жасалған шарттар негізінде сақтандырылған пациенттерді қабылдау.
- Денсаулық жағдайын бағалауға, аурулар мен қауіп факторларын ерте анықтауға бағытталған кешенді диагностикалық тексерулерді (Check-up) жүргізу.
Бөлімше қызметтері
Check-up бағдарламалары
- Check-up Premium-1, Check-up Premium-2 және Check-up Premium-3 – ерлер мен әйелдерге арналған, денсаулық жағдайын бағалауға, аурулар мен қауіп факторларын анықтауға бағытталған кешенді медициналық тексеру бағдарламалары. Тексеру қорытындысы бойынша пациенттерге жеке ұсынымдар беріледі.
Терапия, кардиоревматология, эндокринология, невропатология
- Ішкі ағзалар ауруларын кешенді жүйелі тәсіл негізінде тексеру (тыныс алу мүшелері, жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолдары, эндокриндік ағзалар, тері аурулары және т.б.).
- Әрбір пациентке жеке тәсіл қолдану.
- Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу; аортокоронарлық шунттау, жүрек қақпақшаларын протездеу, туа біткен жүрек ақауларына байланысты операциялар және радиожиілікті абляциядан кейінгі пациенттерді бақылау.
- Дилатациялық кардиомиопатияны, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін, ЖИА, аритмияларды, емге төзімді артериялық гипертензияны, миокардиттер мен эндокардиттерді ерте диагностикалау және емдеу.
- Дәнекер тін аурулары мен аутоиммундық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу.
- Гендік-инженерлік биологиялық терапияны тағайындау.
- МҚЖБ шұғыл диагностикалау, шеткері жүйке жүйесінің, бассүйек-ми жүйкелерінің ауруларын, қозғалыс бұзылыстарын, ОНЖ дегенеративті және демиелинизациялаушы ауруларын, эпилепсияны және психосоматикалық жағдайларды диагностикалау.
- Эндокриндік бұзылыстарды диагностикалау және емдеу, емдеу тәсілін жеке таңдау, эндокриндік бұзылыстардың алдын алу.
ЛОР
- ЛОР ағзаларының ауруларын диагностикалау және консервативті емдеу.
- Амбулаториялық жағдайда эндоскопиялық операциялар жүргізу, мұрын полиптерін, жұтқыншақ пен құлақтағы түзілістерді алып тастау.
- Мұрыннан қан кетуді тоқтату, қан тамырларына диатермокоагуляция жүргізу.
- Шағын хирургиялық араласулар: пункциялар жасау, абсцестер мен шиқанды ашу.
- Мұрынішілік және құлақішілік блокадалар жүргізу.
- Іріңді гайморитті пункциясыз емдеу әдісі, жоғарғы жақ қойнауларын табиғи сағасы арқылы шаю.
- Есту қабілетінің төмендеуін және тиннитусты (құлақтағы шуылды) диагностикалау және емдеу, аудиометрия, тимпанометрия жүргізу.
- Көмей ауруларын диагностикалау және емдеу.
- ЛОР ағзаларына жасалған операциялардан кейін оңалту жүргізу.
Дерматовенерология
- Тері жаңа түзілістеріне дерматоскопия жүргізу, диагностикалық сынамалар алу, теріден, шаштан және тырнақтан қырынды алу.
- Несеп-жыныс жолдарының инфекцияларына тексеру жүргізу (ПТР, ИФТ, РИФ).
- Тері, шаш және тырнақ ауруларын, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін ауруларды диагностикалау және емдеу.
Офтальмология
Офтальмологиялық кабинет көздің алдыңғы және артқы сегменттерінің патологияларын диагностикалауға арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Кабинет жабдықтары:
- «VISUCAM» ZEISS көз түбін суретке түсіруге арналған камерасы.
- «OCT Spectralis» оптикалық когерентті томографы (Германия).
- TOMEY көзге арналған ультрадыбыстық зерттеу аппараты (Жапония).
- ZEISS шеткері көру өрісін зерттеу анализаторы.
- Takagi офтальмологының жұмыс орны (Жапония).
- «VISULAS Trion» Carl Zeiss лазерлік фотокоагуляторы.
- «VISULAS YAG III combi» Carl Zeiss лазері.
Диагностика және емдеу қызметтері:
- Лазерлік диагностика және шеткері хориоретинальды дистрофияны (ШХРД), жоғары миопия кезіндегі шеткері витреохориоретинальды дистрофияны (ШВХРД), торқабық жыртылуын, диабеттік ретинопатияны, екіншілік катарактаны, жабық бұрышты және тар бұрышты глаукоманы лазерлік емдеу.
Гинекология
- Инфекциялық және қабыну ауруларын диагностикалау және емдеу, контрацепция әдістерін жеке таңдау.
- Бейне-кольпоскопия жүргізу.
- Эндометрий мен жатыр мойны өзегінің полиптерін алып тастау, гистерорезектоскопия жүргізу.
- Жатыр мойнына диатермокоагуляция және химиялық өңдеу жүргізу.
- Диагностикалық және бөлек емдік-диагностикалық қыру жүргізу.
- Жүктілікті ерте мерзімде дәрі-дәрмекпен үзу, вакуум-аспирация жүргізу.
- Рентгеноскопиялық бақылаумен гистеросальпингография жүргізу.
- Парацервикалды инъекциялар және РАТ-терапия жүргізу.
- Климактериялық бұзылыстарды және вульва краурозын емдеу.
- Несеп ұстамауды лазерлік терапия әдісімен емдеу.
- Гистероскопия жүргізу.
- Бартолин безінің абсцесін емдеу.
- Сыртқы жыныс мүшелеріндегі папилломалар мен кондиломаларды алып тастау.
- Эстетикалық гинекология қызметтері және сабақтас мамандардың консультациялары.
Урология
- Отбасының репродуктивтік денсаулығын түзету.
- Қуықасты безі ауруларын және созылмалы простатитті диагностикалау және емдеу.
- Ерлердегі жасқа байланысты бұзылыстарды түзету, андроген тапшылығын емдеу.
- Ерлер бедеулігін диагностикалау және емдеу (вазовазоанастомоз, вазоэпидидимоанастомоз, вазотестикулоанастомоз).
- Несеп-тас ауруын (НТА), гидронефрозды және нефроптозды диагностикалау және емдеу.
- Қуықасты безі ауруларын, эректильді дисфункцияны, Пейрони ауруын және жамбастың созылмалы ауырсыну синдромын соққы толқынды терапия әдісімен емдеу («ДУОЛИТ», «Андро-Гин», «Матрикс Уролог» аппараттары).
- Кешенді уродинамикалық зерттеу (КУДЗ) жүргізу.
- Ультрадыбыстық және рентгендік навигация бақылауымен қашықтан соққы толқынды литотрипсия жүргізу.
- Қуық лейкоплакиясын лазерлік абляция әдісімен емдеу, гидродистензия және ботулинотерапия жүргізу.
- Әйелдердегі зәр шығару бұзылыстарын канадалық Laborie аппаратында диагностикалау.
Хирургия және травматология
- Тері, теріасты шелмайы, бұлшықеттер мен қан тамырларының қатерсіз ісіктерін алып тастау (электроэксцизия, криодеструкция).
- Тырнақтың ішке қарай өсуін және тырнақ пластинкасының деформацияларын хирургиялық жолмен емдеу.
- Қысылмаған сыртқы жарықтарға жарық операциясын жасау.
- Терідегі косметикалық ақаулар мен тыртықтық өзгерістерді пластикалық хирургия әдістерімен түзету.
- Сүт безіндегі түйінді түзілістерді, жұмсақ тіндер мен лимфа түйіндеріндегі жаңа түзілістерді инвазивті әдістермен диагностикалау.
- Жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу.
- Гипс таңғышын салу, сүйек сынықтарын жабық репозициялау.
- Буындарға блокадалар мен пункциялар жасау.
- Буынішілік инъекциялар жүргізу.
- Металл конструкцияларын амбулаториялық жағдайда алып тастау.
- Гигроманы алып тастау.
Бөлімше дәрігерлері
Жарылгасинова Ырзык ШингисовнаБөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 37 жыл
Кенжина Турар АйткалиевнаДәрігер-терапевт
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 37 жыл
- Байтышканова Куралай Алиповна
Дәрігер-невропатолог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 30 жыл
Сейтов Нурлан НурмашевичДәрігер-уролог
Медицина ғылымдарының кандидаты
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 29 жыл
Куанова Кенжегуль КуановнаДәрігер-дерматовенеролог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 26 жыл
Талипова Ильзира КуатовнаДәрігер-офтальмолог
Екінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 11 жыл
Омаркулов Айдын РахмангалиевичДәрігер-хирург
Медицина ғылымдарының магистрі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 26 жыл
Ескендирова Шолпан АмангельдиновнаДәрігер-офтальмолог
Медицина ғылымдарының кандидаты
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 37 жыл
Сарбалинова Гульжан КанапиевнаДәрігер-ревматолог
Медицина ғылымдарының кандидаты
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 34 жыл
Дихтярь Татьяна МихайловнаДәрігер-гинеколог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 43 жыл
Какимжанова Бибигуль ЖамбылқызыДәрігер кардиолог
Медицина ғылымдарының магистрі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 27 жыл
Байгаскинов Жаксыбай КабиевичДәрігер-уролог
Медицина ғылымдарының кандидаты
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 24 жыл
Жолданбаев Галымжан ТолкынбаевичДәрігер-невропатолог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 32 жыл
Сон Вячеслав ДмитриевичДәрігер-хирург
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 40 жыл
Ашляева Шынар АсылхановнаДәрігер гинеколог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 20 жыл
Ауталипова Айнагуль ТохтарқызыДәрігер оториноларинголог
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 19 жыл
Шыман Жанмедет ЖанкельдіұлыДәрігер эндокринолог
Екінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 13 жыл
Жолдасбекова Райлы ШымырбайқызыТерапевт дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 37 жыл
Құмарғалиева Гулсана КуатбековнаДәрігер-гастроэнтеролог
Еңбек өтілі 9 жыл