Басты бетРентгенохирургия бөлімшесі

Рентгенохирургия бөлімшесі

Бөлімше туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының рентгенохирургия бөлімшесі 2015 жылдың маусым айында ашылып, өз қызметін бастады.
Рентгенохирургия бөлімшесінде тамырларды рентгенэндоваскулалық зерттеу және іс жүзінде барлық тамырлы бассейндерде аз инвазивті операциялар жүргізіледі. Рентгенохирургиялық операциялық бөлме заманауи техникамен жабдықталған. Бұл "Simens Artis Zee" бірегей цифрлық ангиографиялық қондырғысы, ол адам ағзасының барлық тамырларында операцияларды орындауға, нақты уақыт режимінде кез келген органды зерттеуге және онда хирургиялық араласудың белгілі бір түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия аумағында аналогтары жоқ "Simens Artis Zee Go" гибридті хирургиялық және эндоваскулярлы араласуларды орындауға арналған бірегей цифрлық ангиографиялық қондырғы.
Осы жабдықтың және біздің бөлімшенің жоғары дәрежелі мамандарының арқасында пациенттерге операциядан кейін тез қалпына келтіруге және өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін бірегей аз жарақаттық операциялардың кең спектрі орындалуы мүмкін.
Рентгенохирургиялық емдеу әдістерін пайдалану операциялық жарақатты азайтуға, наркозды болдырмауға және пациенттің реанимациялық бөлімшеде ұзақ болуына жол бермеуге, пациенттің сауығу жолын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Осының бәрі осы емдеу әдістерін – 21 ғасырдың медицинасы, скальпельсіз хирургия деп атауға мүмкіндік береді! Әр түрлі бейінді бөлімшелердің рентгенохирургиямен тығыз ынтымақтастығы біздің бөлімшенің айрықша ерекшелігі болып табылады. Рентгенохирургтардың бейінді бөлімшелердің мамандарымен бірлескен жұмысы еуропалық сапа стандарттарына жауап беретін емдеудің ең заманауи әдістерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.
Бөлімшеде рентгеноэндоваскулалық хирургия әдістерімен жүрекке және тамырларға диагностикалық және емдік араласу жүргізіледі.
Біз өз жұмысымызда соңғы әлемдік әзірлемелер мен үрдістерді ескере отырып, заманауи білімді қолданамыз және соңғы буындағы дәрі-дәрмекпен қапталған стенттерді қоса алғанда, алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің жаңа жоғары сапалы құралдары мен материалдарын пайдаланамыз.

Бөлімше қызметтері

  • Диагностикалық коронаровентрикулография
  • Коронарлық артериялар мен шунттарды стенттеу
  • Коронарлық артериялардың созылмалы окклюзиясын реканализациялау
  • Бас және мойын тамырларының ангиографиясы
  • Қолқа доғасының тармақтарын стенттеу, ішкі ұйқы артериясының бекітілмеген бөлімдерін қоса
  • Кеуде және іш бөліктерінің аортографиясы
  • Қолқаның кеуде және іш бөліктерінің аневризмін эндопротездеу
  • Әртүрлі тамырлы бассейндердің ангиографиясы
  • Қолқаның құрсақ бөлімінің бұтақтарын стенттеу
  • Аяқ артерияларын стенттеу
  • Күрделі ишемиясы бар науқастарда сирақ артерияларын стенттеу
  • Дәрі-дәрмекпен емдеуге келмейтін тұрақты артериялық гипертензиясы бар науқастарда бүйрек артерияларын эндоваскулярлы радиожиілік денервациялау
  • Тұрақты және уақытша кава-сүзгілерді имплантациялау
  • Өт жолдарын жасанды трансбауырлы сыртқы дренаждау
  • Жүрекше аралық қалқаның ақауын эндоваскулярлы (терііші) жабу
  • Жатыр миомасы бар науқастарда жатыр артерияларын эмболизациялау
  • Аденомасы бар науқастардағы қуықасты безі тамырларының эмболизациясы

Гибридті операциялық жүйеде төмендегі әрекеттер орындалады

Гибридті операциялар (клапандарды бірмезгілдік протездеу және коронарлық артерияларды стенттеу, қолқаның кеуде және құрсақ бөліміне стент-графттарды имплантациялау, брахицефальды бұтақтардың транспозициясы бар қолқаның доғасын эндопротездеу).
Жиі коронарлық артерияларды стенттеу, аортокоронарлық және маммарокоронарлық шунттау, жіті миокард инфарктісі бар емделушілерде араласу жүргізіледі. Неврологтармен бірге ішкі ұйқы артериясын қоса алғанда, брахиоцефалдық тамырлардың экстракраниальды бөлімдерін стенттеуді орындау көрсеткіштері анықталады.
Аяқтың ауыр ишемиясы, ауыр қант диабеті кезіндегі трофикалық өзгерістері бар науқастарға эндоваскулалық араласулар белсенді жүргізіледі. Жыбырлақ аритмиясы бар емделушілерде сол жүрекшенің құлағын жабу сияқты қазіргі заманғы рентгенохирургиялық араласулар орындалатын болады, артериялық гипертензиясы бар емделушілерде бүйрек артерияларының радиожиілік денервациясы орындалады. Қолқаның кеуде және құрсақ бөліктерінің аневризмалары кезінде эндопротездеу, түрлі үлгідегі кардиостимуляторларды, кардиовертерлер-дефибриляторларды имплантациялау, жүректің өткізгіш жолдарын радиожиілік термодеструкциялау жүргізіледі.

 

Бөлімше дәрігерлері

Землянский Александр Викторович       
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 15 жыл    











 


Темірқұлов Мақсат Әлібекұлы
Дәрігер интервенциялық кардиолог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 29 жыл