Бөлімше туралы
№8 хирургиялық бөлімше 24 төсек-орынға арналған, А3 блогының 4-қабатында орналасқан, заманауи аз инвазивті (лапароскопиялық, робот-ассисттелген) технологияны қолдана отырып, кіші жамбас және ішперде артындағы кеңістік ағзаларға жасалатын операциялардың әртүрлі көлемін орындауға көмектесетін заманауи медициналық техникамен жабдықталған.
«Гинекология» бейіні бойынша жоспарлы және шұғыл түрде эктопиялық жүктіліктің барлық түрлері, жатыр мен қосалқылардың жіті қабыну және іріңді аурулары, бедеуліктің бірнеше түрі, жатырішілік патология (полиптер, гиперплазия, синехия, далдашық), стрестік зәр ұстамау, әйел жыныс мүшелерінің төмен орналасуы, жатырдың, қосалқылардың және жамбас ішпердесінің эндометриозы, жатырдың қатерсіз өспелері (әртүрлі локализациядағы миома), қосалқы өспелер (кисталар мен кистомалардың барлық түрлері), әйел жыныс мүшелерінің туа біткен ақаулары емделеді. Операциялар дәстүрлі және лапароскопиялық, робот-ассисттелген әдістермен жасалады.
Бөлімше қызметтері
- гинекологиядағы шұғыл патологияға арналған лапаротомдық және лапароскопиялық операциялар (киста, кистома, жатырдан тыс жүктілік, кіші жамбастың қабыну аурулары);
- офистік гистероскопия, операциялық гистерорезектоскопия;
- түтіктік-перитонеалдық бедеулікке арналған лапароскопиялық реконструктивті-пластикалық операциялар;
- субтоталдық гистерэктомия (лапаротомдық және лапароскопиялық әдістермен);
- тоталдық гистерэктомия (лапаротомдық, лапароскопиялық және қынаптық әдістермен);
- консервативті миомэктомия (лапаротомдық және лапароскопиялық әдістермен);
- торлы эндопротездерді қолдана отырып қынапқа операция жасау;
- стрестік зәр ұстамау кезінде слингтік операциялар;
- стрестік зәр ұстамауды лапароскопиялық жолмен түзету (Бёрч операциясы)
- қынаптың ескі жыртылулары мен уровагиналды/ректовагиналды жыланкөздерге жасалатын пластикалық операциялар;
- торлы эндопротездерді қолдану арқылы жасалатын лапароскопиялық операциялар (промонтофиксация)
- робот-ассисттелген операциялар (субтоталды гистерэктомия; тоталды гистерэктомия, миомэктомия, цистэктомия, аднексэктомия)
Бөлімше дәрігерлері
Гүлбарам Есенбекқызы Башарова Бөлімше меңгерушісі Медицина ғылымдарының кандидаты Жоғары санат Жұмыс өтілі 28 жыл |
|
Әділ Манапұлы Адрешев Аға ординатор Акушер-гинеколог дәрігер Жоғары санат Жұмыс өтілі 19 жыл |
|
Талғат Нұрланұлы Қапақов Гинеколог дәрігер Жоғары санат Жұмыс өтілі 10 жыл |
|
Сабира Сәбитқызы Рахимова Акушер-гинеколог дәрігер Жоғары санат Жұмыс өтілі 17 жыл |