Басты бет7 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ!

7 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ!

7 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ!

«БАРШАҒА  ДЕНСАУЛЫҚ!»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған күнге орай 1950 жылдан бері жыл сайын 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні ретінде аталып өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық күні – жер бетінің әр тұрғынының назарын денсаулық пен денсаулық сақтау мәселелеріне аударуға бағытталған жаһандық науқан.

 2023 жылы ДДҰ құрылғанына 75 жыл толады және Дүниежүзілік денсаулық күні «Баршаға денсаулық!» ұранымен өтеді, бұл соғыс пен қақтығыссыз бейбіт және тұрақты әлемде әр адам дені сау болып, жайлы өмір сүруін білдіреді.

ДДҰ жарғысы бойынша «ДЕНСАУЛЫҚ» - бұл аурудың немесе физикалық кемістіктің болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық.

image004.png

Халық денсаулығының деңгейі 8-10% жағдайда денсаулық сақтау мен медициналық көмек деңгейіне ғана тәуелді.

Көбінесе (50%) денсаулығымыз біздің өмір салтымызбен тығыз байланысты. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс «Салауатты өмір салты» ұғымында көрінеді.

Салауатты өмір салты – денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған адамның өмір салты:

  • дұрыс тамақтану
  • физикалық белсенділік
  • темекіден бас тарту, алкогольді асыра пайдаланбау
  • күйзеліске төзімділікті дамыту / психикалық денсаулық
  • дұрыс ұйықтау
  • коммуникативтік дағдылар

Бұл мінез-құлық түрлерін өзгертуге болатынын түсіну маңызды!

Денсаулық - әрбір адам үшін басты құндылық!

Дені саудың – жаны сау!

Дұрыс тамақтану және физикалық белсенді болу -  өмір салты!