Басты бет«ЖҮРЕК ӨМІР ҮШІН» - 2022 жылғы Дүниежүзілік жүрек күні

«ЖҮРЕК ӨМІР ҮШІН» - 2022 жылғы Дүниежүзілік жүрек күні

Қазақстанда бұл күн 2011 жылдан бері 29 қыркүйекте тойланады. 2022 жылы Дүниежүзілік жүрек күні «Жүрек өмір үшін» ұранымен өтетін болады.

Жүрек-қантамырлары аурулары – қазіргі уақытта әлемде жыл сайын 18 миллионнан астам адамның өмірін қиятын, өлім мен мүгедектіктің басты себебі болып табылатын ауру.

Дүниежүзілік жүрек күнінің мақсаты – әлемде жүрек-қантамырлары ауруларының індетінен туындайтын қауіп туралы білім мен түсінікті арттыру, сондай-ақ халықтың барлық топтарында ишемиялық ауру мен инсультке қарсы профилактикалық іс-шаралардың белсенділігін арттыру.

Жүрек-қантамырлары ауруларына жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық ауру, перифериялық артерия ауруы, туа біткен жүрек ақауы, терең вена тромбозы сияқты аурулар жатады.

ЖҚА пайда болуының қауіп факторлары:

  • жоғары қан қысымы
  • қандағы жоғары холестерин мен глюкоза деңгейі
  • артық салмақ және семіздік
  • төмен физикалық белсенділік
  • жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну
  • тұзды көп тұтыну
  • темекі шегу

Дүниежүзілік жүрек федерациясының мәліметі бойынша салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, темекі шегуді шектеу және физикалық белсенділік арқылы инфаркт пен инсульттан болатын мезгілсіз өлім-жітімнің 80% алдын алуға болады. Бұл жүрекке ғана емес, бүкіл организмге оң әсер ететін қарапайым әрекеттер.

Сонымен қатар, денсаулық мәдениетін дамыту, ауруларды ерте анықтау үшін жүйелі түрде профилактикалық медициналық тексерулерден өту және ауру дамуының қауіп факторларын азайту, стресспен күресу, агрессивті ортада денсаулықты сақтау қажет.

Денсаулығына, жұмысқа қабілеттілігіне бей-жай қарамайтын, толыққанды өмір сүруді қалайтын кез келген адам күнделікті физикалық жаттығулармен айналысып, жиі серуендеуі керек.

Жүрегіңізге абай болыңыз!