Тыныс алу ағзаларының аурулары – жіті және созылмалы респираторлық аурулар, бұл барлық адамдар шалдығуы ықтимал аурудың кең тараған тобы. Әлемде бронх-өкпе ауруларының созылмалы түрлерінің көбеюі, науқастар санының артуы байқалады. Бұл көбінесе экологиялық жағдайдың нашарлауына, адамның иммундық жүйесінің бұзылуына, кейбір жағдайларда уақтынан кеш диагноз қойылуына және емдеуге байланысты. Сондай-ақ, тыныс алу ағзаларының аурулары, әсіресе антибиотикке төзімді респираторлық жолдардың инфекциялары жиі кездеседі. Бұл ретте ҚР өңірлеріндегі емдеу мекемелерінің диагностикалық және терапиялық мүмкіндіктерінің болуы маңызды.
ҚР ПІБ МОА пульмонологиялық қызметі осы аспектіде бірегей болып табылады, онда жақын және алыс шетелдердің ірі ғылыми-клиникалық орталықтарында дайындықтан өткен, клиникалық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде мол тәжірибесі бар, жоғары клиникалық біліктілік санаты, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар респираторлық медицина саласындағы жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Аурухананың диагностикалық мүмкіндіктерінің бірегейлігі – ең күрделі тыныс алу ағзаларының сирек ауруларын диагностикалаудың заманауи, жоғары технологиялық әдістері. ҚР ПІБ МОА – өкпенің диффузиялық қабілетін анықтау (DLco) және бодиплетизмография сияқты бронх-өкпе жүйесіне заманауи зерттеулер жүргізілетін Қазақстандағы жалғыз клиника.
Клиниканың эндобронхиалдық УДЗ (EBUS) бақылауымен бронх пен өкпеге, кеудеішілік лимфатүйіндерге эндоскопиялық биопсия жасау мүмкіндігі бар. Бұл ем-шара пациенттің өміріне аз әсер ете отырып, қысқа мерзімде (1-2 күн) ең күрделі диагноз қоюға, тиісті терапияны уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Бұл технология ҚР ПІБ МО клиникасында ғана енгізіліп, сәтті қолданылуда.
Қазіргі уақытта ҚР ПІБ МО ауруханасында күрделі бронх демікпесі, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, пневмония, вирустық, бактериялық, туберкулездік емес микобактериоздар, тыныс алу функциясының бұзылуымен неврологиялық пациенттердегі қайталама пневмония, өкпенің интерстициалды аурулары идиопатиялық және дәнекер тіннің жүйелі аурулары, үдемелі өкпе фиброзы, саркоидоз, лимфангиолеомиоматоз және диагностикалануы қиын басқа да өкпе зақымданулары сияқты әлемде кең таралған респираторлық ауруларға диагностика жасалып, емделеді және бронх-өкпе жүйесінің онкологиялық аурулары анықталады.
Заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, жоғары шешімді компьютерлік томография арқылы өкпенің интерстициалды ауруларын диагностикалаудың жоғары дәлдігіне қол жеткізуге болады. Компьютерлік диагностика бөлімінің мамандары өкпе бейнесін үлкейтіп, морфологиялық әдіспен сезімталдығын зерттейді. Бұл атап айтқанда, идиопатиялық өкпе фиброзын диагностикалауға және кейбір жағдайларда өкпе биопсиясын болдырмауға мүмкіндік береді. Өкпенің қабыну, ісік генезі, интерстициалды патология, оның ішінде саркоидоз және өкпедегі басқа грануломатозды процестердің бронхопульмональды жүйесінің ауруларын диагностикалауда өкпенің перфузиялық сцинтиграфиясы, өкпенің ингаляциялық сцинтиграфиясы, сондай-ақ өкпенің компьютерлік томографиясымен (ПЭТ/КТ) біріктірілген өкпенің позитронды-эмиссиялық томографиясы қолданылады.
Альвеолярлы-капиллярлық мембрана деңгейінде оттегі диффузиясының төмендеуі өкпенің интерстициалды зақымдануын алғашқы кезеңінде, тіпті оны компьютерлік томография анықтағанға дейін өкпенің диффузиялық қабілетін (DLco) заманауи Shiller жабдығында дем алу арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұл зерттеу ҚР ПІБ МОА-да ғана жасалады.
ИӨА, идиопатиялық интерстициалды пневмонияны, вирустық генездің интерстициалды пневмониясын, өкпе интерстициясындағы грануломатозды процестерді, белгілі және белгісіз генездің прогрессивті өкпе фиброздарын, соның ішінде дәнекер тінінің жүйелік аурулары, өкпе васкулиттерінің күрделі түрлерін диагностикалау және ұйқы зертханасында ұйқы кезінде тыныс алу бұзылыстарын диагностикалау аппараттық емдеу бағдарламаларын (CPAP, BiPAP) таңдай отырып жүргізіледі, бұл ҚР барлық өңірлерінен келген пациенттерге көмектесуге мүмкіндік береді.
Тыныс алу жүйесінің функциялық жағдайын бағалау үшін функциялық жүктеме сынақтарын жүргізу пульмонолог-клиниктердің жұмысында кеңінен қолданылады.
Тыныс алу проблемалары бар пациенттерді емдеуде МОА-да әзірленген оңалту бағдарламалары, соның ішінде жеке емдік дене шынықтыру бағдарламалары, физиотерапиялық ем-шаралар, массаж, оттегі барокамераларын пайдалану, галокамера (тұз шахтасы) жағдайында аэрозоль терапия қолданылады, бұлар сонымен әсіресе короновирустық инфекция пандемиясы кезеңінде де тиімді емшаралар. Пульмонология бөлімшесі жағдайында кешенді оңалтудан COVID-19 инфекциясымен ауырғаннан кейін интерстициалды пневмонияның күрделі түріне шалдығып, постковидтік синдром (long-covid) пайда болған пациенттер, сондай-ақ бронх-өкпе жүйесінің созылмалы ауруымен ауыратын пациенттер өте алады.
ҚР ПІБ МОА пульмонологиялық қызметінің табысты жұмысының маңызды құрамдас бөлігі – түрлі бейіндегі мамандар – пульмонологтар, функционалистер, радиологтар, эндобронхологтар, ревматологтар, торакалды хирургтар, патоморфологтар дәлелді медицина қағидаттарына негізделген диагностикалық процеске қатысатын мультитәртіптік, командалық тәсіл. Емдік-диагностикалық процестерге әртүрлі бейіндегі мамандардың қатысуы диагностика мен емдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, респираторлық жүйенің күрделі ауруларына шалдыққан пациенттердің өмір сапасы мен ұзақтығын жақсартуға мүмкіндік берді.
ҚР ПІБ МОА пульмонологиялық қызметі – бронх-өкпе ауруларын диагностикалау мен емдеуге қазіргі медицинада кез келген күрделі диагноз қоюға және емдеу бағдарламасын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен әдістердің толық кешені қолданылатын Қазақстандағы жалғыз қызмет.
ИӨА бар пациенттерді диагностикалау және емдеу тәжірибесін ҚР ДСМ, ҰҒДСДО респираторлық медицина саласындағы жетекші мамандар жоғары бағалайды, бұл МОА мамандары сараптамалық бағалау және үдемелі өкпе фиброздарының қымбат тұратын фиброзға қарсы терапиясына көрсетілімдер мәселелерін шешу үшін ИӨА жөніндегі республикалық комиссияның басшылығы мен құрамына шақырылуы растайды. МОА респираторлық медицина саласындағы мамандардың клиникалық және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері талданып, республикалық және шетелдік басылымдарда жарияланады, халықаралық және республикалық форумдарда баяндалады, ҚР дәрігерлеріне арналған резидентура, магистратура, вебинарлар шеңберінде білім беру кезінде пайдаланылады. ҚР ПІБ МОА респираторлық медицина саласындағы мамандары ҚР ДСМ тыныс алу ағзалары ауруларын диагностикалау мен емдеудің КП әзірлеуге, атап айтқанда «Идиопатиялық өкпе фиброзы» КП, «Үдемелі өкпе фиброзы» КП жұмысына қатысады.
ҚР ПІБ МОА пульмонологиялық қызметінің маңызды аспектісі – диагностика мен емдеудің барлық түрлерінің ҚР азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары қатарынан пульмонологиялық көмекке мұқтаж кез келген адамға қолжетімділігі.
Білім беру бағдарламалары шеңберінде респираторлық медицина саласындағы мамандар өз тәжірибесімен ҚР өңірлерінен келген ҚР ПІБ МОА-да білім алатын резиденттермен, докторанттармен бөліседі, телемедицина технологияларын, on-site консультацияларын қолдана отырып, ҚР өңірлерінен күрделі пациенттерге қашықтан консультациялар өткізеді.
ҚР ПІБ МОА мамандары респираторлық аурулар саласында қол жеткізген нәтижелерімен шектеліп қана қоймайды. Жаңа технологиялар ізделіп, бронх-өкпе жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге көмек көрсетуге бағытталған әдістер мен технологиялар жетілдірілуде.