Басты бетРезидентура

Резидентура

 

Резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім деңгейі. Резидентурада оқыған кезде дәрігер-резидент бірқатар артықшылықтарға ие болады, таңдаған бейіні бойынша терең білім алады және дәрігерлік қызмет тәжірибесіне ие болады, бұл кәсіби өсу мен даму үшін неғұрлым кең мүмкіндіктер ашады.

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК резидентурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру қызметіне лицензиясы бар және келесі бағыттар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады: 7R01102 «Медициналық генетика», 7R01103 «Урология және андрология ересектердің, балалардың», 7R01104 «Кардиология ересектердің, балалардың»; 7R01106 «Оториноларингология ересектердің, балалардың». Резидентурада медицина кадрларын даярлау мерзімі 2-3 жылды құрайды және дәрігер- маманның жұмыс өтіліне есептеледі.

 

 

 

Байланыс деректері:

 

Нұрсұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, 2 ғимарат, F блок, 4 қабат, 1 кабинет

 

Ғылым және кәсіптік білім беру бөлімі

 

Телефон: +7 (7172) 70-79-52                

 

Email: onipo-rez@mail.ru

09.00-17.00 (түскі үзіліс 13.00-14.00) күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін