Нормативтік құжаттар
Түлектердің кәсіптік даярлық дағдылары мен білімдерін бағалау қағидалар
Қорытынды аттестаттау
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 223-бабының 6-тармағына және «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына сәйкес, резидентура түлектерінің кәсіптік дайындығын бағалауды денсаулық сақтау саласындағы түлектерді бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым екі кезеңде жүргізеді:
1) білімді бағалау;
2) дағдыларды бағалау.
2022 жылғы 13-15 шілде аралығында «Радиология» (Сәулелік диагностика) мамандығы бойынша бітірушілерді бағалауды Аурухананың базасында Ұлттық Тәуелсіз емтихан орталығы:
Бірінші кезең - тест сұрақтары арқылы автоматтандырылған компьютерлік тестілеу арқылы;
Екінші кезең - емтихан комиссиясы стандартталған және (немесе) нақты пациенттерді материалдық-техникалық ресурстарды пайдалана отырып жүргізетін болады.