Басты бетПрезиденттік клиника кореялық ең ірі госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды

Президенттік клиника кореялық ең ірі госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды

Президенттік клиника кореялық ең ірі госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының, Ёнсе университеті "Северанс" госпиталінің (Корея Республикасы) және "Severance-KZ" Халықаралық медициналық қоры" қоғамдық қорының басшылары бүгін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2019.03.27 Северанс 1

Президенттік клиника стратегиялық әріптестерді іздеуде, деп атап өтті Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой. Корей госпиталі және қазақстандық ең үздік ауруханалардың бірі бұрыннан бір-біріне қарап жүрді. 2019 жылғы наурыз келісімдері денсаулық сақтау саласында тұрақты және ұзақ мерзімді негіздегі сапалы серіктестік қарым-қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді, бұл екі елдің азаматтарына да пайда әкеледі.

2019.03.27 Северанс 2

Алексей Цой - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы

 

Дәрігерлер біздің ауруханалардың тәжірибесі мен техникалық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай, бірлескен кеңес беру орталығын құруды ұсынамыз. Медициналық орталықтың клиникалары кореялық клиникаларда операция жасаған пациенттерге сапалы реабилитациялық қолдау көрсете алады және "Северанс" госпиталінің әріптестерінің көмегімен Қазақстанда күрделі операцияларды жүргізе алады.

2019.03.27 Северанс 3

Аурухана директоры Валерий Бенберин жетекші кореялық медициналық мекемелердің бірімен ынтымақтастық бірлескен медициналық кеңестер мен конференциялар өткізуге, жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ жаңа медициналық технологияларды дамыту саласында, атап айтқанда роботталған хирургия саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті. "Северанс" госпиталі "Da Vinci" роботын пайдаланады, Президенттік клиника "Senhance" жүйесінде жұмыс істейді.

 

Валерий Бенберин – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының директоры

Біздің аурухана роботталған хирургияны пайдалана отырып, операцияларды жүргізу бойынша жоғары белсенділікті көрсетеді. Президенттік клиника мамандарының корей госпиталінің мамандандырылған конференцияларына қатысуы екі жаққа да пайдасын тигізер еді, себебі медицинаның дамуы медициналық мекемелердің арасындағы бірлесумен белгіленеді. Қазақстан үшін маңызды мәселе – медицина кадрларын даярлау және осы тұрғыда біз ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

2019.03.27 Северанс 4

Ынтымақтастықтың негізгі аспектілерінің бірі - білім беру саласындағы әріптестік. Медициналық оқыту бағдарламаларын іске асыруы, Президенттік клиникаға "Северанс" госпиталінде дәрігерлер мен мейірбикелерді оқытуға және қазақстандық аурухана базасында корей дәрігерлерінің мастер-кластарын өткізуге мүмкіндік береді.

 

Ли Бен Сок - Ёнсе университеті "Северанс" госпиталінің бас директоры, Корея Республикасы

 

Ең бастысы дәрігерлер арасындағы байланыстың болуы. Олар, алдымен, қарапайым адами қарым-қатынасты құруы тиіс, содан кейін тәжірибе алмасу және оқыту процесі өзі басталады. Менің ойымша, біз басшылық ретінде мамандар алмасу бағдарламасын ұйымдастыра аламыз, ал одан кейін дәрігерлердің өздері өзара байланыс орнатады.

2019.03.27 Северанс 5

Сәуір айының басында корей госпиталі телемедицина орталығын іске қосады. Президенттік клиниканың дәрігерлері жобаға қосылуға ресми шақыру алды. Қазақстан-Корей медициналық ынтымақтастығы ең жоғары деңгейде қолдау көруде: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев – Ёнсе университетінің құрметті докторы, БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Пан Ги Мун - "Северанс" қоғамдық қорының құрметті президенті.

 

 

Анықтамалық:

"Северанс" госпиталі - Корея Республикасының жетекші медициналық мекемесі, Сеул қаласындағы Ёнсе Университетінің академиялық базасында жұмыс істейді. Биылғы жылы госпитальдің құрылғанына 134 жыл толады. "Северанс" госпиталі - бұл 60 бөлімше және 5 мамандандырылған орталық; штатта - 4500-ден астам дәрігерлер мен мейірбикелер. Төсек орын саны – 3700. Госпиталь Joint Comission International (JCI) аккредиттелген .