ҚР ПІБ МО Аурухана мамандарының кеңес беруі 2019 жылғы 29 наурызда өтеді
Президенттік клиниканың жетекші мамандарынан қалаңыздан шықпай-ақ кеңес алыңыз. Семейде Аурухана дәрігерлері біздің дәстүрлі "Менің сүйікті докторым" акциясы аясында емделушілерді қабылдайтын болады: дәрігерлер қаланың ересек тұрғындарына ТЕГІН кеңес береді.
Бұл жолы қала тұрғындарына көмек көрсетуге баратындар:
Кардиохирург - Талғат Жакиев
Аритмолог - Ринат Камиев
Біздің мамандардың қабылдауына өзіңізбен бірге міндетті түрде алып келуіңіз қажет:
1) Кардиохирург – ЭКГ, ЭхоКГ, ангиография болған жағдайда, МРТ, КТ диск болуы міндетті.
2) Аритмолог - ЭКГ, ХМ ЭКГ, ЭхоКГ
Президенттік клиниканың докторлары пациенттерді "Жан-Ер" Медициналық Орталығында қабылдайды, мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 21, каб. 102, 106.
Қабылдау уақыты: 29 наурыз, 09:30 - 17:00