Мастер-классқа Алматы, Қарағанды және Астана қалаларының лор-хирургтары да қатысты.
Диаб Хасан Мохаммед Али – әлемдік отохирургияда, яғни құлақ ауруларын емдеу саласында танымал маман. Оны уақыт өте келе жоғалған немесе ешқашан естімегендердің есту қабілетін қалпына келтіретін дәрігер ретінде біледі: доктор Диаб Хасан симптомдары бойынша құлақ проблемаларымен сырт көзбен қарағанда мүлдем байланыссыз секілді көрінетін ауруларды да емдейді:
"Мастер-класста біз Миньер ауруына операцияны қалай жасайтынын көрсетеміз, яғни біз орта құлақта орналасқан эндолимфатикалық қапшыққа дренаждау жүргіземіз. Мұндай диагнозы бар пациенттер, әдетте, оларға жұмыс істеуге кедергі келтіретін бастың айналуына шағымданады. Мұның бәрі жүрек айнуы, құсу, асқазан-ішек жолдарының бұзылуымен ілеседі. Мұндай, бірегей деп те айтуға болатын операцияларды біз тікелей бас сүйектің негізінде жүргіземіз", - дейді доктор Хассан Диаб мастер-класс операциялары арасында.
Осы уақыт бойы операциялық бөлмеде оның жанында - Ресейдің Федералды медициналық-биологиялық агенттігінің Оториноларингология ғылыми-клиникалық орталығы бойынша әріптесі Антон Михалевич және Президенттік клиниканың Оториноларингология және нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талапбек Аженов болды. Ол бізге Қазақстанның лор-хирургтары үшін нағыз мастер-кластың бірегейлігі неде екенін айтып береді:
"Қазақстанда көптеген көрсетілген операциялар жүргізілуде, бірақ біз реоперацияны қалай жасауға, яғни қайта араласуға баса назар аударамыз. Қайта операция жасау әрдайым қиын: анатомиялық бағдарлар жоқ, жолдар бұзылған. Сондықтан асқынуларды болдырмау үшін, мысалы, бет нервін зақымдамау үшін одан да нәзік әрекет етуге тура келеді".
Доктор Хасан Диаб толықтырады:
"Осы мастер-класс барысында біз отохирургияда ерекше күрделі операцияларды жүргіземіз және патенттелген авторлық әдістемелерді көрсетеміз. Операция барысында біз мастер-класқа қатысатын және операция көрсетілімін қарайтын жергілікті дәрігерлер осы әдістерді қолдана алатындай, осындай пациенттерді емдеу барысында егжей-тегжейлерді ескеретін маңызды сәттерді көрсетеміз. Осының бәрі алдағы уақытта қанағаттанғысыз нәтижелердің алдын алуға мүмкіндік береді деп үміттенемін".
Мастер-класс барысында дәрігерлер құлақ патологиясы бар 45 науқасқа кеңес беріп, 21 операция жасап, сондай-ақ бас сүйектің негізіне жасалатын хирургия туралы дәріс оқыды - бұл, біздің мамандардың айтуынша Қазақстанда дамуын енді ғана бастап келеді. Оның көмегімен бас сүйек негізінде орналасқан ісіктерді және құлақ ауруларын емдейді. Бұл ретте технологиялар ең басты нәрселерге жатпайды. Операциялардың бірі аяқталғаннан кейін біз Доктор Диабадан маңызды кеңес естиміз: "мұның бәріне, ең алдымен, кәсіпқой қолдар қажет".