ҚР ПІБ МОА жетекші дәрігерлерінің тегін кеңесін 2019 жылғы 22-ші және 23-ші ақпанда алуға болады.
Президенттік клиниканың жетекші мамандарының қабылдауына өз қалаңыздан шықпай-ақ келіңіз. Оралда Аурухана дәрігерлері біздің дәстүрлі "Менің сүйікті дәрігерім" акциясы аясында емделушілерді қабылдауды өткізеді: дәрігерлер қаланың ЕРЕСЕК тұрғындарына ТЕГІН кеңес беретін болады.
Сізге және сіздің денсаулығыңызға көмекке келесі мамандар жіберіледі:
Кардиохирург - Жакиев Талғат
Аритмолог - Камиев Ринат
Ангиохирург - Елубаев Нұрлан
Хирург - Иманжанов Жәнібек
Травматолог - Баймухаметов Асқар
Біздің мамандардың қабылдауына өзіңізбен бірге міндетті түрде алатыныңыз:
1) Кардиохирург – ЭКГ, ЭхоКГ, ангиография, МРТ, КТ болған жағдайда дисктің болуы міндетті.
2) Аритмолог - ЭКГ, ХМ ЭКГ, ЭхоКГ
3) Ангиохирург – тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы, ангиография болған жағдайда дисктің болуы міндетті
Президенттік клиниканың ангиохирург, хирург және травматологтың тегін қабылдауы мына мекен-жайда өтеді: Орал, Облыстық көпсалалы аурухана, Третий строительный к., 6/1.
Кардиохирург және аритмолог пациенттерді Орал қаласының Облыстық кардиологиялық орталығынды қабылдайды, Деркөл кенті.
Кардиохирург пен аритмологтың қабылдауына қатысты сұрақтар бойынша 8 (7112) 21 70 19 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Ангиохирург, хирург және травматологтың қабылдауына қатысты сұрақтар бойынша 8 (7112) 91 80 64 нөміріне хабарласыңыз.