Басты бетЕрғали Мұхтарұлы Ғаббасов

Ерғали Мұхтарұлы Ғаббасов

Габбасов ЕМ.jpgЕрғали Мұхтарұлы Ғаббасов

Жалпы хирургия мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Дәрігер-хирург мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі 30 жыл.

 

Әдістемелерді меңгеруі:

 

- хирургиядағы жоспарлы және шұғыл патология кезіндегі лапаротомдық және лапороскопиялық операциялар (өңеш, асқазан, жіңішке және қалың ішек, бауыр, өт шығару жолдары, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, көкбауыр және т. б.);

 

- жарықтың әр түрлі түрлеріндегі лапаротомдық және лапороскопиялық операциялар (диафрагмалық, шаптық, сандық, кіндік, вентральдік және т. б.);

 

- бауырдың, көкбауырдың, ішперде асты кеңістігінің, өкпенің паразиттік аурулары (эхинококк, альвеококк) кезіндегі операциялық араласулар;

 

- бариатриялық операциялық араласулар (семіздікті және қант диабетін хирургиялық емдеу) - асқазанды резекциялау және шунттау;

 

- жабынды ұлпаларға пластикалық операциялық араласулар-абдоминопластика;

 

- құрсақ қуысына роботталған операциялық араласулар.

 

Білімі:

 

- 1990 ж. - "Целиноград мемлекеттік медициналық институты", емдеу ісі мамандығы бойынша, интернатура.

 

Қайта даярлау:

 

– 2018 ж. - TransEnterix роботталған хирургия орталығында оқыту және сертификаттау, Милан қ., Италия;

 

– 2011 ж. - заманауи емдеу әдістері бойынша оқыту және сертификаттау, Сеул қ., Ю. Корея;

 

– 2002 ж. - жалпы хирургия бойынша оқыту және сертификаттау, Шарите клиникасы, Берлин қ., Германия.

 

Жұмыс тәжірибесі:

 

- 2010 ж. - қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, 2-ші хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі;

 

- 2004 - 2009 жж. Астана қаласының №1 Қалалық ауруханасы, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі;

 

- 1998 - 2009 жж. - Астана қаласының №1 Қалалық ауруханасы.

 

- 1990 - 1998 жж. - Көкшетау қалалық ауруханасы, хирургия бөлімі.