Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Әмір...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы қайтыс болды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы қайтыс болды

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы қайғыра отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетовтің мезгілсіз қайтыс болғанын хабарлайды.

Ахетов.jpg

Әмір Амантайұлы Іс Басқармасының жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етті. Әр жылдарда «Алматы» және «Оқжетпес» санаторийлерінің, Орталық клиникалық ауруханасының, Медициналық орталық ауруханасының басшысы қызметтерін атқарды.

Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры, ол ғалымдар тобының құрамында болып, ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін Қазақстан Республикасының                    әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.

Әмір Ахетовтің жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады.