Басты бетЕКІ БІРДЕЙ ҚҰТҚАРУ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРЕККЕ ҚОЛҚА ҚАҚПАҒЫН АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ МАММАРОКОРОНАРЛЫҚ ШУНТТАУ БО...

ЕКІ БІРДЕЙ ҚҰТҚАРУ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРЕККЕ ҚОЛҚА ҚАҚПАҒЫН АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ МАММАРОКОРОНАРЛЫҚ ШУНТТАУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ГИБРИДТІК ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

ЕКІ БІРДЕЙ ҚҰТҚАРУ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРЕККЕ ҚОЛҚА ҚАҚПАҒЫН АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ МАММАРОКОРОНАРЛЫҚ ШУНТТАУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ГИБРИДТІК ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Гибридтік операцияның мұндай түрі сирек болып саналады: бүкіл әлемде, статистика бойынша, оны тек жеті рет - АҚШ және Еуропа клиникаларында орындады. Сегізінші операцияны Президенттік клиниканың кардиохирургтары жасады.

2019.01.09 Гибридная операция в БМЦ 1

"Үрей болды ма? - әрине, өйткені біреудің өмірі үшін жауапты болдым", - деп қысқаша сұхбаттың арасындағы үзілісте доктор Рустам Рахимов біздің сауалымызға жауап берді. Мұндай риясыз жауаптар, әдетте, камералар мен диктофондардың сөндірілген кезінде орын алады, өйткені олар – ең шынайы. Рустам Рахимов - кардиохирург.

 

 

Әріптесі, кардиохирург Серік Меңдіқұлов пен Аурухананың операциялық командасымен бірге олар Қазақстанда қолқа қақпағын ауыстыру және маммарокоронарлық шунттау бойынша алғашқы гибридтік операция жасады. Біз олармен біздің еліміздегі жалғыз, Президенттік клиниканың гибридтік операциялық бөлмесінде – барлығы орын алған жерде кездесуге келістік.

 

Бірақ алдымен терминдерді анықтап алуды ұсынамыз: гибридтік операция дегеніміз не және оның пайдасы неде? ҚР ПІБ МОА кардиохирургы Рустам Рахимов жауап береді:

2019.01.09 Гибридная операция в БМЦ 2

"Медицина әлемінде бірнеше жыл бойы бір немесе бірнеше органдарда бір уақытта бірнеше операциялық араласуды жасауға мүмкіндік беретін гибридтік операциялар жүргізу тренді бар.

 

Мұндай операциялар тиімді, өйткені екінші операцияны күту кезеңі болмайды, ал мұндай жағдайларда уақыт өте маңызды. Мысалы, пациентте жүрек тамырларының, мойын және ми тамырларының проблемалары бар. Бірінші операция кезінде біз жүрек тамырлары проблемасын шешсек, екінші операцияны күту кезінде пациентте инсульт болуы мүмкін. Немесе біз ми тамырларын емдей аламыз, алайда жүрек тамырларының қалған проблемасы кезінде оны инфаркт зақымдауы мүмкін".

2019.01.09 Гибридная операция в БМЦ 3

Президенттік клиникада гибридтік хирургия Ауруханада гибридтік операциялық бөлмесі пайда болған сәттен бастап үш жыл бойы қолданылып келеді, оны театрдың операциялық бөлмесі деп те атайды, ол заманауи визуализация техникаларымен жабдықталған. Ол докторларға миниинвазиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді: "олардың кезінде біз кішкене тілік арқылы, немесе тесу арқылы тамырлар арасымен органға қол жеткіземіз", - деп жалғастырады Рустам Рахимов.

 

Бұл ретте, нақты жағдайдың бірегейлігі - Аурухананың кардиохирургтары операциялық үстел басында алғаш рет қолқа қақпағын ауыстыру бойынша операциясын (TAVI ретінде де белгілі) жүргізіп, бірден жүрекке маммарокоронарлық шунттау жасады. Ешбір ашық араласусыз: бұл жағдайда жүрекке апаратын жол TAVI үшін жамбас артериясының тамыры арқылы және шунттауды жүргізу үшін 4 немесе 5 қабырға аймағында кішкентай бүйірлік тілім арқылы жүрді.

2019.01.09 Гибридная операция в БМЦ 4

"Барлық кардиохирургия мининвазивті хирургияны дамыту бағытында жүретін болады. Қажеттілігі жоғары болғанмен қазіргі уақытта, өкінішке орай TAVI операциялары аз жүргізіледі. Жыл сайын мұндай операциялар әлемде бірнеше мыңдап жүргізіледі, әсіресе, Еуропа елдері мен Азияның кейбір елдерінде жиі кездеседі. Бұл, ең алдымен, халықтың қартаюымен байланысты, себебі мұндай операция көбінесе қарт адамдар үшін көрсетіледі, өйткені олар үшін миниинвазивті емшара асқынулардың аз қаупін білдіреді.

 

Уақыт өте келе біз бұған да келеміз, өйткені өмір сүру ұзақтығы өсуде, кәрі жастағы халықтың үлесі ұлғайып, осындай операцияларға деген қажеттілік жыл сайын өсетін болады" - деп атап өтеді кардиохирург және Аурухана директорының хирургия жөніндегі орынбасары Серік Меңдіқұлов, гибридтік хирургияның барлық артықшылықтарын жалпы және жекеше атап өтті: жүрегіне "екі бірдей" операция жасалған пациент, егер араласу тек ашық жүрекке жүргізілген болса, мүмкін емделуге рұқсат ала алмас еді.

 

Юрий Иванович Дударев Ауруханаға ауыр халде түсті: Рустам Рахимовтың айтуынша, "жүрек тамырлары мен қолқа қақпағының қауіпті стенозынан басқа, оның басқа да ағзаларының құрылымдық зақымдануы болған. Қолқа қақпағының қауіпті стенозы аясында бауыр, бүйрек жеткіліксіздігі және мидың қан айналымының жеткіліксіздігі сияқты ілеспелі проблемалар мен аурулар пайда болды. Барлығы қан тарауы мен ағзалардың қоректенуінің бұзылуы себебінен".

2019.01.09 Гибридная операция в БМЦ 5

Ашық жүрекке араласуды ол шыдай алмас еді. Гибридтік операцияға дайындықтың өзі бірнеше айға созылды. Юрий Ивановичтің жұбайы - Елена бізге былай деді: "2017 жылдың қазан айында инфаркт болды, содан кейін доктор бірден клапан ауыстыру қажет екенін хабарлады, содан өткен жылдың ішінде біз дайындалдық. Шілде айында бұл Ауруханада оған зонд орнатты (жүрек ақауын зерттеу үшін – ескерту.), дәрігерлерге рахмет, және кешенді операция жасау керек екені анықталды. Бірақ сол кезде ағзасы әлсіз болды, қорықтық. Біз үнемі бақылауда болдық – қараша айында бізге қоңырау шалып, "келіңдер" деді.

 

Гибридтік операцияны Аурухана дәрігерлер командасы Серік Меңдіқұлов пен Рустам Рахимовпен бірге кетер жылдың қарсаңында 19 желтоқсан күні жасады. Тура екі апта соң, 2 қаңтарда, пациент-ізашар Иван Дударев өзінің 74-ші туған күнін тойлады.

 

Біз онымен операциядан шамамен екі апта өткен соң кездестік – оның халін дәрігерлер қысқаша-оң сипаттап берді: ол тұрақты. Біз палатаға кірген кезде Юрий Иванович ерініп теледидар пультіндегі түймелерді басып жатты және тіпті қалжыңдауға да тырысты:

- Қазір өзіңізді қалай сезінесіз? Көңіліңізден шықты ма?

- Егер көңілім толмағанда мені баяғыда көміп тастар еді! (күлімсіреді) Мен дәрігерлерге өте ризамын.

2019.01.09 Гибридная операция в БМЦ 6

"Сізге мұндай операция тек біздің елде ғана емес, посткеңес кеңістігінде де алғашқы рет болғаны белгілі ме?" - Елена Васильевнаға сұрақ қоямыз және жаспен араласқан жауап аламыз: "біз білеміз, білеміз, сондықтан өте ризамыз, біз оны өте күттік және барлығына алғыс айтамыз".

 

Біздің шағын әңгімеміз осымен аяқталды. Белгілі болғандай бұл кездесу Елена Васильевна үшін, күйеуімен бір жарым ай ішінде алғашқы рет болды, сондықтан кездесу тыныш және эмоциялық болды.

 

Кейін операциялық бөлмеде, жекешеден жалпыға көше келе Серік Меңдіқұлов гибридтік хирургия тек бірнеше жыл бұрын ғана ажалға бұйырғандарды ғана құтқара қоймай, ол жүйенің өзін де ауыстырып келеді:

2019.01.09 Гибридная операция в БМЦ 7

"Өткен жылдан бастап шетелде ашық жүрекке операция жасайтын маман және интервенциялық кардиохирург қызметін қоса атқаратын гибридтік хирург сияқты жаңа мамандық туралы пікірталас жүргізуде. Бұл мамандықтар осы сәтке дейін бөлек болды".

 

Дегенмен, бүкіл әлемдегі бірегей гибридтік операцияны дәрігерлердің өздері үйренбеген құлаққа ойша атайды: қолқа қақпағының транскатерлік имплантациясы плюс миниинвазивті аортокоронарлық шунттау. Қысқаша болмайды, бұл терминдерде - барлық мағына бар, тек кәсіпқойлар үшін ғана түсінікті болса да дейді кәсіпқойлар.

 

Ескерту: ҚР ПІБ МОА-дағы гибридтік операция Денсаулық сақтау министрлігінің квотасы бойынша және Аурухананың өз қаражатына жүргізілді.