Басты бет«Менің сүйікті дәрігерім» Акциясы

«Менің сүйікті дәрігерім» Акциясы

«Менің сүйікті дәрігерім» Акциясы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының дәрігерлері халықтың денсаулық жағдайына алаңдаушылық білдіреді. Соған байланысты 2017 жылы 25 қараша күні сағат 9-00-ден 15-00-ге дейін Президенттік клиникада «Менің сүйікті дәрігерім» атты акциясын өткізіледі.

Осы дәстүрлі жеңілдік акциясы көлемінде барлық ересек Астана тұрғындарымен қонақтарына аурухананың жетекші мамандарының қабылдауында болып кеңес алуға, және де кейбір диагностикалық және аппараттық зерттеулерден 50% жеңілдікпен өту мүмкіндігі беріледі.

Аурухананың дәрігерлері үздік жабдықтардымен жоғары кәсібилігін қолдана отырып,азаматтардың өз денсаулығына деген назарын аударып, барынша көмек көрсетеді.Президенттік клиниканың үздік мамандары емделушілердіқабылдауға дайын.

Кеңес беру және диагностикалық зерттеулерді жүргізу барысында аурухананың мамандары кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде стационарлық ем алуға мұқтаж емделушілерді іріктейді.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің тізіміне кірмеген сырқаттары бар адамдар және ерекше сервистік қызмет көрсетуді қажет ететін емделушілерге Ауруханада жоғары деңгейдегі лабораториялық, инструменталдық және клиникалық диагностика, қарқынды кешенді емдеу және тиімді медициналық оңалтуды қамтитын ақылы қызметтер түрі ұсынылады.

«Менің сүйікті дәрігерім» атты акцияшеңберінде қабылдаудан өтіп үлгермеген емделушілер 2017 жылғы 25 қараша күні төленген түбіртекті көрсете отырып, келесі апта ішінде мамандардың қабылдауынан өте алады.

Қабылдауға алдын ала жазылу 70 80 90 телефоны арқылы жүргізіледі.

 

*Дәрігерлердің тізімін және 50% жеңілдікпендиагностикалық зерттеулердің тізбесін Сіз www.bmcudp.kz сайтында көре аласыз.