1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл балалар үшін ең көңілді мереке, сонымен қатар балаларды үнемі қорғау және оларға әрдайым қамқорлық таныту керек екендігін ересектер есіне салатын мереке.
Мерекеге орай «Бірлік» атты алғашқы партия ұйымының «Нұр Отан» ХДП мүшелері, ҚР ПІБ МО Ауруханасының өкілдері Ақмола облысы Аққөл қаласының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар үйіне барып қайтты.
Партия мүшелері бүлдіршіндер үшін театрландырылған мереке, көңілді әуенмен спорттық ойындар ұйымдастырды.
Мереке соңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қымбат сыйлықтар: спорттық костюм, баскетбол добы және басқа да спорттық құралдар табыс етілді.