2016 жылғы 14 сәуірде маркетинг және жарнама бөлімі (бөлім бастығы Құрманов М.К., бөлім маманы Абенова Ж.А. және маман Бекишев Е.Т) 3 хирургиялық бөлімшемен бірге Астана қаласының «Салауатты Астана» отбасылық денсаулық орталығында орталықтың дәрігерлік персоналы үшін ҚР ПІБ МО Ауруханасының қызметтеріне презентация өткізді.
Орталықтың конференц-залында тыңдаушыларға ТМККК аясында ҚР ПІБ МО Ауруханасының мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсету туралы ақпаратты ұсынатын аурухананың медициналық қызметтері туралы бейнеролик көрсетілген болатын, сондай-ақ, ақылы бөлімше қызметтері туралы айтылды. Кездесуде медициналық ұйымдардың одан әрі ынтымақтасуы туралы мәселе талқыланды.
Қазақстандық нейрохирургтар ассоциациясының мүшесі Қорабаев Руслан Сейсембайұлы тыңдаушыларға травматология және ортопедия, нейрохирургия, көздің микрохирургиясы сияқты бейіндер кіретін 3 хирургиялық бөлімшенің қызметтері туралы айтып берді.
ҚР ПІБ МО Ауруханасында ТМККК аясында дәрігерлер консультациясы тегін жасалады