2 мен 30 қарашасы аралығында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК «Ядролық медицина: ауруды диагностикалауда ПЭТ/КТ, БФЭКТ/КТ» тақырыбына шеберлік класы өтті.
Шеберлік класты Малайзия, «Пенанг» госпиталінің ядролық медицина бөлімшесінің меңгерушісі Профессор Мохамед Али Бин Абдур Кадер өткізді. Оның алдында профессор атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікте жұмыс істеген, Шри-Ланкада, Мавританияда, Пәкістанда, Алжирде, Малайзияда ядролық медицина (QUANUM) саласында сапаны қамтамасыз ету бойынша кеңес пен аудит өткізді.
Шеберлік класс аяқталғаннан кейін Ядролық медицина мамандарына сертификаттар тапсырылды. Құттықтаймыз!