Басты бетҚР ПІБ МО Ауруханасы – жаңа қағидаларға сәйкес клиникалық зерттеулерді жасауға Қазақстанда бірінш...

ҚР ПІБ МО Ауруханасы – жаңа қағидаларға сәйкес клиникалық зерттеулерді жасауға Қазақстанда бірінші аккредиттелді

ҚР ПІБ МО Ауруханасы – жаңа қағидаларға сәйкес клиникалық зерттеулерді жасауға Қазақстанда бірінші аккредиттелді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шешімі бойынша, 2016 жылғы «11» ақпандағы №90 бұйрық, ҚР ПІБ МО Ауруханасы:

1) дәрілік заттарды клиникалық зерттеу (II-IV фазалары);
2) биоэквиваленттік дәрілік заттарды зерттеу;
3) көпорталықты клиникалық зерттеу;
4) халықаралық көпорталықты клиникалық зерттеу мақсатында фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу  құқығына аккредиттелді


__________________________________________________________________

* Клиникалық зерттеу — жаңа дәрілік препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау немесе белгілі болып қалған дәрілік препаратты қолдануға көрсетімдерді кеңейту мақсатында жүргізілетін, адамдардың қатысуымен жасалатын ғылыми зерттеу. Клиникалық зерттеулер сонымен қатар емдеу мен диагностиканың жаңа инвазиялық (оның ішінде хирургиялық) және инвазиялық емес әдістерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Клиникалық зерттеулер дүние жүзінде препараттарды тіркеу мен кең түрде медициналық қолданудың алдын алатын, оларды әзірлеудің ажырамас кезеңі болып табылады. Клиникалық зерттеулер барысында жаңа препарат оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректерді алу үшін зерттеледі. Осы деректер негізінде денсаулық сақтаудың уәкілетті органы препаратты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Клиникалық зерттеулерден өтпеген препарат тіркелуі тиіс емес және нарыққа шығарылмайды.


право на КИ каз.jpg