Басты бетҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Алқа қатысушыларының (облыстық денсаулық сақ...

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Алқа қатысушыларының (облыстық денсаулық сақтаудың басқармалары, Астана және Алматы қалаларының басшылары және Қазақстан Республикасы облыстық медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері) ҚР ПІБ МО Аурухана

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Алқа қатысушыларының (облыстық денсаулық сақтаудың басқармалары, Астана және Алматы қалаларының басшылары және Қазақстан Республикасы облыстық медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері) ҚР ПІБ МО Аурухана

18 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасында (Астана қ.) ҚР ПІБ МО және ҚР ПІБ МОА әкімшілігінің Денсаулық сақтау басқармаларымен, Астана және Алматы қалаларының басшыларымен және Қазақстан Республикасы облыстық медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерімен кездесу өтті.

Қонақтарға Аурухананың қызметі туралы қысқаметражды фильм көрсетілген болатын. Кіріспе сөз МОА бас дәрігері Дудник Вячеслав Юрьевичке берілді, ол: «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен алынған мемлекеттік тапсырысы аясында, біз тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бағдарламасы бойынша халыққа медициналық көмекті белсенді түрде көрсетуге дайынбыз».

Қонақтарға МОА бас дәрігерінің орынбасары Шәріп Берік Шәріпұлымен Аурухана аймағына, соның ішінде, ақылы қызмет, рентгенхирургия, кардиохирургия, анестезиология және реаниматология бөлімшелеріне экскурсия жүргізілді. Қонақтар бір пациентке бірнеше операцияны бірден өткізуге мүмкіндік беретін гидридтік операция бөлімін өз көздерімен көре алды.

Атырау облыстық аурухананың бас дәрігері Шомиров Сайн Сигуатұлы Аурухананың ерекшелігі мен қуаттылығына қатысты өзінің таңданысын білдірді, сондай-ақ, пациенттерді ҚР ПІБ МО Ауруханасына емдеуге жіберуді жоспарлайтындығын атап айтты: «Алдында біз өз пациенттерімізді осы медициналық ұйымға жіберген жоқпыз, бірақ, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көргеннен кейін біз ауруханамен ынтымақтасуға мүдделіміз».

Шәріп Б.Ш. «Республиканың кез-келген азаматы тіркелген емханасынан жолдама алу арқылы ҚР ПІБ МО Ауруханасында жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ала алады» деп жауап берді.

Кездесу барысында ҚР ПІБ МОА Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарымен ынтымақтасу мәселелері қарастырылды.

2016.02.18-1.jpg

2016.02.18-2.jpg

2016.02.18-3.jpg

2016.02.18-4.jpg

2016.02.18-5.jpg

2016.02.18-6.jpg

2016.02.18-7.jpg

2016.02.18-8.jpg