2016 жылғы 12 ақпанда маркетинг және жарнама бөлімі (бөлім бастығы Құрманов М.К. және бөлім маманы Абенова Ж.А.) инновациялық менеджмент бөлімімен (бөлім маманы Авдеев А. В.) және функционалық диагностика бөлімшесімен (Абжанова А.Е.) бірге Астана қаласы №7 қалалық емханасында емхананың дәрігерлер персоналы үшін ҚР ПІБ МО Ауруханасы қызметтерінің презентациясын өткізді.
Емхананың конференц-залында тыңдаушыларға аурухананың медициналық қызметтері туралы бейнеролик көрсетілді, презентация жүргізушілер ТМККК аясында ҚР ПІБ МО Ауруханасының мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық қызметтерін көрсету туралы ақпарат ұсынды, сондай-ақ, ақылы бөлімшенің қызметтері туралы айтып берді. Кездесуде медициналық ұйымдардың одан әрі ынтымақтасуы туралы мәселелер талқыланған болатын. Тыңдаушылар аурухана туралы бейнематериалдарды ғана емес, сонымен қатар, ҚР ПІБ МО Ауруханасының бөлімшелері мен қызметтері туралы жарнамалық баспа өнімдері де ұсынылған болатын.
Жоғары санаттағы дәрігер Абжанова Альфия Ермековна ҚР ПІБ МО Ауруханасында өткізілген ұйқының обструктивтік апноэсы синдромын емдеу туралы айтып берді.
ҚР ПІБ МО Ауруханасында ТМККК аясында дәрігерлермен кеңес беру тегін жүргізіледі.