ПЭТ/КТ тексеруге қалай жазылу керек
Пациентті ПЭТ/КТ тексеруіне жазу күнделікті (сенбі, жексенбі, мереке күндерінен басқа) сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін ТЕК +7 (7172) 70-80-40 нөмірі арқылы жүргізіледі.
ПЭТ/КТ тексеруге жазылу кезінде төмендегілерді білген жөн:
• ПЭТ/КТ жазылу кезінде нақты диагнозды, емдеу түрі мен мерзімін, соңғы рет тексерілген аппаратты (екінші рет қайта келген науқастар үшін) хабарлау керек.
Тексеру датасын таңдау кезінде ем алғаннан кейін қанша уақыт өткендігін білген жөн. Химиятерапия, сәулелік терапия немесе хирургиялық емнің соңғы курсынан кейін жалған оң нәтиже алуға жол бермеу үшін, ПЭТ/КТ тексеруге дейін МІНДЕТТІ түрде кемінде 1-3 ай өтуі қажет.
• Егер, Сіз қант диабетімен ауыратын болсаңыз немесе бір кездері құрамында йоды бар қарама-қарсы заттарға аллергиялық реакция туындаған болса, тексеруге жазылу кезінде МІНДЕТТІ түрде хабарлаңыз.
• ПЭТ/КТ қиын, тиісінше ұзақ процедура. Тексерудің түріне қарамастан, пациент бөлімшеде 4-5 САҒАТ болады. Сондықтан да, тексеруге жазылу кезінде өзіңіздің Астана қаласына келу және кету уақытыңызды ескеріңіз.
ПЭТ/КТ тексеруге қалай дайындалу қажет
• Тексеруге дейін бір тәулік бұрын пациенттерге шамадан тыс дене жүктемелерінен, алкогольді ішімдіктер мен құрамында алкоголь бар заттардан аулақ болу керек;
Жылдың суық мезгілінде пациент аздап ыстықтайтындай жылы киім кию керек;
• ПЭТ/КТ тексеру жүргізілетін күні пациент аш болуы тиіс, пациентке тек газдалмаған тәтті емес суды кез келген мөлшерде ішуге рұқсат етіледі, неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы;
• Егер, Сізде қант диабеті болса, тексеруге жазылған кезде ауру туралы МІНДЕТТІ түрде хабарлаңыз. Қант диабетімен ауыратын науқастардан сапалы сурет алу үшін соңғы рет тамақ және қантты төмендететін препараттар (инсулин, таблеткалар) тек тексеру алдында ғана (алдыңғы күннің 23 сағатқа дейін) қабылдануы мүмкін. Тексеру күні – пациент аш болуы тиіс, пациентке тек газдалмаған тәтті емес суды кез келген мөлшерде ішуге рұқсат етіледі, неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Сізге радийфармацевтикалық препаратты енгізгенге дейін, бөлімшеде қан плазмасындағы глюкоза деңгейі өлшенеді, алынған көрсеткіш радийизотоптық диагностика дәрігеріне хабарланады, ол тексеруді жүргізу немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды (көрсеткіші жоғары болған жағдайда).
Өзімен не алып келу қажет
1. Жеке куәлік;
2. Аурухананың атауын көрсете отырып, жіберуші ұйымның мөрі бар ПЭТ/КТ тексеруге жолдама.
Мысалы: Онкологиялық аурулардың таралуын нақтылау мақсатында «ҚР ПІБ МО ауруханасы» РМК Ядролық медицина бөлімшесінде ПЭТ/КТ тексеруге жіберіледі.
3. Төмендегілер көрсетілген, мөр басылған нақты үзінді:
• жүргізілген емнің түрлері мен уақыттары;
• қан талдауының нәтижелері: мерзімі 10 күннен аспаған глюкоза және креатинин;
• аллергия, йодқа аллергия және қан диабетінің болуы туралы ақпарат.
Назар аударыңыз! ПЭТ/КТ тексеруге жатардың алдында пациенттің денесінде құрамында металл бар заттар болмауы тиіс (алқа, белдік, әшекей және т.б.). Томографқа жатқызу алдында уақытты босқа жібермеу үшін, осы заттардың бәрін тексеру алдында шешіп қоюды сұралады.