Басты бет › МОА-да жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жалғасуда

МОА-да жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жалғасуда

МОА-да жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жалғасуда МОА-да жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жалғасуда МОА-да жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары жалғасуда

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында 19 қарашада бейімдеу бағдарламасы аясында жұмысқа жаңадан қабылданған мамандармен кездесу өтті. Шараға 2026 жылдың 21 тамызы мен 31 қазаны аралығында ұжым қатарына қосылған 30 қызметкер қатысты.

Бас тәлімгер Сәуле Кисикова жаңа қызметкерлерге арналған ақпараттық нұсқаулықты таныстырып, аурухананың тыныс-тіршілігі, жұмыс тәртібі мен негізгі бағыттары жөнінде баяндады. Сонымен қатар сынақ мерзімінен сәтті өткен мамандардың бейімделу нәтижелері қорытындыланып, тәлімгерлер мен қызметкерлер өзара тәжірибе алмасты.

Бағдарлама барысында адам ресурстарын басқару бөлімінің психологы Айман Утеева «Жанашырлықпен бейімдеу: әріптесті қалай қолдауға болады?» тақырыбында дәріс оқыды. Қатысушылар тәлімгердің рөлі, психологиялық қолдау көрсету және ұжымда жайлы еңбек ортасын қалыптастыру жайын талқылады.

Мұндай кездесулер әріптестердің ұжымға тезірек сіңісуіне, аурухананың құндылықтары мен жұмыс үдерістерін меңгеруіне, сондай-ақ өзара қолдау мен тәлімгерлік дәстүрін нығайтуға септігін тигізеді.