Басты бет › Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер!

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында ақылы негізде жүргізілетін компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) зерттеулеріне жазылу уақытша шектелгенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта диагностикалық жабдықтардың техникалық жай-күйі тексеріліп, олардың тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар диагностикалық зерттеулер қолда бар техникалық мүмкіндіктерге қарай жалғасуда. Бұл ретте стационарда ем қабылдап жатқан, сондай-ақ шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекке мұқтаж пациенттерге басымдық беріледі.

Ақылы КТ және МРТ зерттеулеріне жазылу қайта басталғаны туралы ақпарат Аурухананың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қосымша жарияланады.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!