Суық мезгілдің келуімен тыныс жолдары инфекцияларының қаупі артады. Ағзаның қорғаныс қабілетін қолдаудағы маңызды фактор – толыққанды әрі теңгерімді тамақтану. Кейбір азық-түліктер ағзаны иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті дәрумендермен, минералдармен, антиоксиданттармен және басқа да заттармен қамтамасыз етеді.
Қандай өнімдер ерекше пайдалы?
![]() |
Цитрус жемістері (апельсин, лимон, мандарин) Иммундық жасушалардың дұрыс жұмыс істеуін қолдайтын және ағзаны тотығу стрессінен қорғауға көмектесетін С дәруменіне бай. |
![]() |
Брокколи және тәтті бұрыш Иммундық қорғанысты сақтауға көмектесетін С дәруменінен, каротиноидтар мен антиоксиданттардан тұрады. |
![]() |
Айран және табиғи йогурт Құрамында иммунды жүйенің жұмысында маңызды рөл атқаратын ішек микрофлорасының теңгерімін ұстап тұратын пайдалы сүт қышқылды бактериялар бар. |
![]() |
Майлы балық (албырт, скумбрия, майшабақ) Омега-3 май қышқылының, D дәрумені мен толыққанды ақуыздың көзі. Бұл заттар иммундық процестерді реттеуге қатысады. |
![]() |
Жаңғақтар мен дәндер Құрамында Е дәрумені, мырыш, магний және иммундық жүйенің қалыпты жұмысына қажетті пайдалы майлар бар. |
![]() |
Сарымсақ және зімбір Құрамында антиоксидантты және қабынуға қарсы қасиеттері бар биологиялық белсенді қосылыстар кездеседі. |
![]() |
Ет және жұмыртқа Ағзаны иммундық жасушалардың жаңаруы мен қалыпты қызметіне қажетті толыққанды ақуызбен, мырышпен, темірмен және В12 дәруменімен қамтамасыз етеді. |
Тағы нені есте сақтау маңызды?
- Таза суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз;
- Күнделікті рационыңызға көкөністерді, жемістерді және ақуызға бай өнімдерді қосыңыз;
- Қантты, тұзды және жоғары деңгейде өңделген тағамдарды шамадан тыс тұтынуды шектеңіз;
- Биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) дәрігердің кеңесінсіз, бақылауынсыз қабылдамаңыз. Дәрумендер мен минералдар кешенін сіздің қажеттіліктеріңізді ескере отырып, тек дәрігер ғана тағайындай алады.
Есте сақтаңыз!
Бірде-бір өнім тұмаудан, ЖРВИ-дан және басқа да маусымдық инфекциялардан өз бетінше қорғай алмайды. Иммундық жүйені қолдау үшін салауатты өмір салтының бірнеше маңызды қағидаларын сақтау қажет: толыққанды тамақтану, жеткілікті ұйықтау, тұрақты дене белсенділігі, жеке гигиена ережелерін сақтау және уақтылы вакцинация алу.






