Басты бет › Медициналық орталық ауруханасының ұжымы жалпыұлттық аза тұту күнінде бір минут үнсіздік жариялады

Медициналық орталық ауруханасының ұжымы жалпыұлттық аза тұту күнінде бір минут үнсіздік жариялады

Медициналық орталық ауруханасының ұжымы жалпыұлттық аза тұту күнінде бір минут үнсіздік жариялады Медициналық орталық ауруханасының ұжымы жалпыұлттық аза тұту күнінде бір минут үнсіздік жариялады

Бүгін, 25 қыркүйек күні Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қаза тапқандарды еске алу және оларға құрмет көрсету белгісі ретінде ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ұжымы жұмыс күнін бір минуттық үнсіздікпен бастады.

Бұл күні біз бүкіл елмен бірге қайғырып, орны толмас қазаның ауыртпалығын бөлісеміз. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына, олардың әріптестеріне және осы қайғылы оқиға жанына батқан барша жанға қайғырып көңіл айтамыз. Қаза болғандардың есімі мен жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.