Басты бет › ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ: ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ УАҚЫТЫ КЕЛДІ!

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ: ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ УАҚЫТЫ КЕЛДІ!

Күн суытқаннан бастап ЖРВИ мен тұмау жұқтыру қаупі артады.

ТҰМАУ – бұл жай ғана суық тию емес, ауыр өтіп, арты елеулі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін вирустық инфекция. Асқынулардың қатарына өкпенің қабынуы (пневмония), миокардит, энцефалит, менингит, невралгия, сондай-ақ созылмалы аурулардың асқынуы жатады.

Тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – ВАКЦИНАЦИЯ.

Вакцина қалай жұмыс істейді?

Вакцина иммундық жүйені вирустық антигендермен таныстырады және алдын ала қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі. Ағза вируспен кездескен кезде оны тезірек танып, инфекциямен тиімдірек күреседі.

Екпе алу неліктен маңызды?

🔹 Аурудың ауыр өтуі мен асқыну қаупін азайтады.
🔹 Вакцина жыл сайын жаңарып отырады. Тұмау вирусы үнемі өзгеріп тұрады, сондықтан вакциналардың құрамы вирустың өзекті штаммдары мен ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып түзетіледі.
🔹 Айналадағы адамдарды қорғайды. Вакцинация инфекцияның жұғу қаупін азайтып, әсіресе әлсіз топтарды, соның ішінде кішкентай балаларды, қарттарды және созылмалы аурулары бар адамдарды қорғауға көмектеседі.

Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер:

Абсолютті (тұрақты) Уақытша
Вакцинаның алдыңғы дозасына немесе оның компоненттеріне болған ауыр аллергиялық реакция Жедел ауру түрлері немесе созылмалы аурудың асқынуы – бұл жағдайда вакцинация науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін жүргізіледі

Вакцинация алдында міндетті түрде дәрігердің қарап-тексеруі жүргізіледі.

Екпені қашан алу керек?

Иммунитет вакцинациядан кейін шамамен 2–3 апта ішінде қалыптасады. Екпені ауру маусымдық өршігенге дейін, яғни қыркүйек–қазан айларында салдырған тиімді. Қажет болған жағдайда вакцинацияны кейінірек те жүргізуге болады.

Тұмауға қарсы вакцинация тіркелген емханада тегін жүргізіледі.

Назар аударыңыз! ҚР ПІБ МО Ауруханасына тіркелген емделушілер үшін вакцинация 15 қыркүйектен бастап емхананың егу бөлмелерінде жүргізіледі.

Вакцинация туралы толық ақпаратты учаскелік терапевтен немесе төменде көрсетілген байланыс телефондары арқылы Call-орталықтан алуға болады.

Жадынама