Басты бетӨТҚАЛТАНЫ АЛЫП ТАСТАҒАННАН КЕЙІНГІ ТАМАҚТАНУ: сәтті қалпына келу және организмнің дұрыс бейімделу...

ӨТҚАЛТАНЫ АЛЫП ТАСТАҒАННАН КЕЙІНГІ ТАМАҚТАНУ: сәтті қалпына келу және организмнің дұрыс бейімделу жолы

ӨТҚАЛТАНЫ АЛЫП ТАСТАҒАННАН КЕЙІНГІ ТАМАҚТАНУ: сәтті қалпына келу және организмнің дұрыс бейімделу жолы

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану – сәтті қалпына келудің негізгі факторы. Оның басты мақсаты – ас қорыту жүйесін жаңа жағдайларға біртіндеп бейімдеу.

АЛҒАШҚЫ 1-2 АПТА: үнемді тамақтану режимі

Бөлшектеп тамақтану: күніне 5-6 рет, аз мөлшерде тамақтаныңыз. Тамақтану арасында ұзақ үзіліс жасамаған жөн, өйткені енді өт ішекке бұрынғыдай бірден көп мөлшерде емес, аз мөлшерде үздіксіз түседі.

Рұқсат етілетін өнімдер:

  • Ботқа: сұлы, қарақұмық, күріш (жақсылап пісірілген);
  • Сорпа: көкөніс немесе майы аз ет сорпасы;
  • Ет және балық: қайнатылған немесе бұқтырылған тауық, күркетауық, майы аз балық түрлері;
  • Тартылған ет тағамдары: буға піскен котлет, тефтели, суфле;
  • Көкөніс: картоп, сәбіз, кәді пюресі;
  • Сүт өнімдері: майы аз сүзбе, қоспасыз табиғи йогурт;
  • Жұмыртқа: буға піскен ақуыз омлеті немесе күніне 1 бүтін жұмыртқа;
  • Жеміс: банан, піскен алма;
  • Нан өнімдері: кептірілген нан, кептірілген ақ нан;
  • Сұйықтық: жеткілікті мөлшерде таза су, әлсіз шай, компот.


Уақытша шектеу қажет:

  • Қуырылған, майлы және ащы тағамдар;
  • Жануар майы, майлы ет түрлері, үйрек, қаз, шұжық өнімдері;
  • Майонез, дайын тұздық, маринад және ысталған өнімдер;
  • Алкоголь және газдалған сусындар;
  • Тәттілер мен тәтті қамырдан жасалған өнімдерді көп мөлшерде тұтыну;
  • Іш кептіретін өнімдер (бұршақ тұқымдастар, ақ қырыққабат, жаңа піскен пияз, сарымсақ).


3-4 АПТАДАН КЕЙІН: рационды біртіндеп кеңейту

Егер ауырсыну, жүрек айну, іштің қатты кебуі немесе іш өту болмаса, рационды біртіндеп әдеттегі тамақтануға жақындатуға болады. Бұл кезеңде барлық тағамды міндетті түрде ұсақтау немесе тек буға пісіру қажет емес – бұқтыруға және пеште пісіруге болады.

Бір рет тамақтанғанда майды көп мөлшерде тұтынудан аулақ болыңыз.

1-3 АЙДАН КЕЙІН: қалыпты өмірге оралу

Пациенттердің көпшілігі осы кезеңде ас қорыту жүйесінің жаңа жағдайларға толық бейімделіп, әдеттегі тамақтануға оралады. Мәзірге біртіндеп:

  • жаңа піскен көкөніс, көк шөп және жеміс;
  • аз мөлшерде сары май және өсімдік майы;
  • ірімшіктің қатты түрі;
  • кофе (ашық, мүмкіндігінше сүт қосып);
  • еттің әртүрлі түрлері енгізіледі.


Егер белгілі бір өнім жайсыздық немесе іштің босауын тудырса, оны уақытша рационнан алып тастап, 1-2 аптадан кейін қайта енгізіп көруге болады.

МАҢЫЗДЫ!

  • Егер операция лапароскопиялық әдіспен (кішкентай тіліктер арқылы) жасалып, асқынусыз өткен болса, ас қорыту жүйесінің қалпына келуі әдетте жылдамырақ жүреді.
  • Ашық (қуыстық) операциядан кейін немесе асқазан-ішек жолы ағзаларының қатар жүретін аурулары болған жағдайда ұсыныстар өзгеше болуы мүмкін. Өз рационыңызды емдеуші дәрігермен келісу қажет.