Назар аударыңыз! қабылдау бөлімшесі шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетуге арналған!
!! Пациенттердің қабылдау бөлімшесіне негізсіз жүгінуі шұғыл қызметке артық жүктеме түсіреді және бұл көмекке аса зәру жандарды дер кезінде ем алу мүмкіндігінен айыруы мүмкін!
ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНЕ ҚАШАН ЖҮГІНУ КЕРЕК? (жіті жағдай)
Денсаулыққа қауіп төндіретін жіті жағдайлар: денсаулық жағдайы кенеттен нашарлағанда, қатты ауырсыну, ауыр жарақат, сынық, күйік болғанда, тыныс алу қиындағанда, айқын ентігу, сөйлеудің немесе көрудің күрт бұзылуы, қатты қан кету, жіті аллергиялық реакция немесе шұғыл көмекті талап ететін басқа да белгілер байқалғанда.
МАҢЫЗДЫ! Өздігінен жүгіну міндетті түрде ауруханаға жатқызуды білдірмейді. Дәрігер жағдайдың ауырлығы бағаланады. Егер жағдайыңыз тұрақты болса және өмірге қауіп төнбесе, сізге біржолғы шұғыл көмек көрсетіліп, әрі қарай емделу үшін емханаға бағыттайды.
ЕМХАНАҒА ҚАШАН ЖҮГІНУ КЕРЕК? (Жоспарлы көмек)
Егер өміріңізге қауіп төнбесе, жағдайыңыз тұрақты болса, бірақ сізге келесілер қажет болса:
- Терапевтің немесе бейінді мамандардың консультациясы.
- Жоспарлы тексерулер, анализдер тапсыру, аспаптық зерттеулер.
- Еңбекке жарамсыздық парақтарын ашу немесе ұзарту, рецепт жазу, анықтамалар алу.
- Созылмалы аурулар кезінде денсаулықтың нашарлауы (сыни белгілерсіз).
Емхананың жұмыс режимі:
- Жұмыс күндері: 08:00 – 20:00 | Сенбі: 08:00 – 14:00 (кезекші терапевт – 18:00-ге дейін).
- Байланыс нөмірлері: Call-орталық: 70-79-08, 70-80-90, 70-80-60 | Ұялы тел: +7 (702) 006-56-56.
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДІ (ЖМЖ) ҚАШАН ШАҚЫРУ КЕРЕК? (Өмірге қауіп төну)
Өздігінен қозғалу мүмкін болмаған немесе өмірге өте қауіпті болған сыни жағдайларда ғана ЖМЖ бригадасын 70-79-03, 70-79-04 телефондары арқылы шақырыңыз:
- Естен тану, құрысу, тыныс алудың тоқтауы.
- Кеуденің қатты басып ауыруы (инфарктқа күдік).
- Инсульт (аяқ-қол қозғалысы бұзылуы, беттің қисаюы, сөйлеудің бұзылуы).
- Көптеген ауыр жарақаттар (ЖКО, кең көлемді күйік, биіктіктен құлау).
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Жедел жәрдемді негізсіз шақыру немесе қабылдау бөлімшесіне негізсіз келу өте ауыр халдегі пациенттердің аман қалу мүмкіндігін азайтады!