Басты бетАртериялық гипертензия: ерте анықтау неліктен маңызды

Артериялық гипертензия: ерте анықтау неліктен маңызды

Артериялық гипертензия: ерте анықтау неліктен маңызды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚАЖА) әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып қала береді. Жыл сайын олар шамамен 19,8 миллион адамның өмірін қияды, бұл барлық өлім-жітім жағдайларының шамамен 32%-ын құрайды.

Жүрек және қан тамырлары ауруларының қауіптілігінің себебі, олар біртіндеп дамиды және бастапқы кезеңдерінде айқын симптомдарсыз өтеді.

Қазақстандағы жағдай: скрининг статистикасы Біздің елімізде ҚАЖА алдын алуға үлкен көңіл бөлінеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 2025 жылы артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын (ЖИО) ерте анықтау скринингінен 1,7 миллион адам өтті.

Профилактикалық қарап-тексерулердің арқасында 114 мыңнан астам пациентте ауру бақылауға ең жақсы көнетін ерте кезеңдерінде анықталды. Оның ішінде:

  • 87% (99 мың адам) — артериялық гипертония диагнозы қойылды;
  • 13% (15 мың адам) — жүректің ишемиялық ауруы анықталды.


Артериялық гипертензия — жасырын қауіп Артериялық гипертензия (АГ) — ең көп таралған созылмалы аурулардың бірі және миокард инфарктісі, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі мен бүйрек патологияларының негізгі қауіп факторы. Гипертонияның басты қаупі оның жасырын өтуінде: қан тамырлары мен ішкі мүшелерге айтарлықтай зақым келгенге дейін, адам өзінде қан қысымының жоғарылағанын ұзақ уақыт бойы сезбеуі мүмкін.

Уақтылы диагностика мен сауатты емдеу ауруды бақылауға алуға, ауыр асқынулардың алдын алуға және өмір сүру сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда АГ-ны ерте анықтау профилактикалық медициналық қарап-тексерулер аясында тегін жүргізіледі. Скрининг артериялық қысымды өлшеуді, жүрек-қан тамырлары қауіптерін бағалауды және қажет болған жағдайда тереңдетілген зерттеуді қамтиды.

Өз денсаулығын қорғау үшін әр адамға не ұсынылады?

  • Қысымды бақылау: АҚ-ды (артериялық қысымды) тоқсанына кемінде бір рет, ал қауіп факторлары (тұқым қуалаушылық, артық салмақ, күйзеліс) болған жағдайда одан да жиі өлшеңіз.
  • Скринингтерден өту: тіркелген жеріңіз бойынша емханада профилактикалық қарап-тексерулерге жүйелі түрде барыңыз.
  • Тағайындауларды сақтау: қан қысымының жоғарылауы анықталған кезде уақтылы дәрігерге қаралыңыз және тағайындалған емді қатаң ұстаныңыз.
  • Салауатты өмір салтын ұстану: тұзды тұтынуды шектеңіз, шылым шегуден бас тартыңыз, салмағыңызды қадағалаңыз және жеткілікті физикалық белсенділікті сақтаңыз.


Есте сақтаңыз: артериялық гипертензияны ерте анықтау — қан тамырлары апаттарының алдын алудың және ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтаудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.