
Ұлттық онкология және гематология орталығы (ҰОО) – республикадағы мамандандырылған онкологиялық көмек көрсету жөніндегі бас ғылыми-зерттеу, емдік-профилактикалық және ұйымдастыру-әдістемелік орталық. Жыл сайын 5,5 мыңнан астам науқас мамандандырылған ем алады. Бүгінгі таңда орталықтың жеткілікті қуатты клиникалық базасы, жоғары білікті кадрлары бар.
ҰОО-да науқастарды тексеріп, емдеу заманауи деңгейде жүргізіледі. ҰОО диагностикалық бөлімшелерінде соңғы үлгідегі ультрадыбыстық, эндоскопиялық, рентгенологиялық аппаратура, сондай-ақ морфофункционалды диагностикаға арналған аспаптар қолданылады.