Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) — бұл негізінен асқазан-ішек жолын зақымдайтын инфекциялық аурулардың ауқымды тобы. Жіті ішек инфекциялары таралу деңгейі бойынша тек жіті респираторлық аурулардан кейінгі екінші орында. Аурушаңдықтың ең жоғары шегі әдетте жаз мезгіліне келеді, бірақ суық уақытта да негізінен вирустар қоздыратын ішек инфекциялары жиі кездеседі.
ЖІИ оларды тудырған микроорганизм түріне қарай бөлінеді:
- Вирустық — Ротавирус, норовирус, энтеровирус, аденовирус
- Бактериялық — Сальмонеллез, дизентерия (шигеллез), эшерихиоз, холера, иерсиниоз
- Протозойлық — Лямблиоз, амебиаз
Ішек инфекциясының белгілері:
- үлкен дәреттің бұзылуы (диарея)
- жүрек айну және құсу
- дене температурасының көтерілуі
- тәбеттің төмендеуі немесе мүлдем болмауы
- іштің ауыруы және іштің түйілуі (спазм)
- интоксикация (әлсіздік, енжарлық)
ЖІИ-дің басты қаупі — инфекцияның өзі емес, сұйықтық пен тұздарды жоғалту, яғни ағзаның сусыздануы (дегидратация):
- Жеңіл дәрежесі: шөлдеу, ауыздың құрғауы, кіші дәретке отыру жиілігінің азаюы.
- Ауыр дәрежесі: тері мен сілеймелі қабықтардың айқын құрғауы, көздің шүңіреюі, 6 сағаттан астам уақыт кіші дәреттің болмауы, шұғыл әлсіздік, балаларда — жассыз жылау және еңбегінің ішіне түсіп кетуі.
Жұғу жолдары: (Берілу механизмі)
Негізгі берілу механизмі — фекальды-оралды. Патоген ағзаға ауыз арқылы келесі жолдармен түседі:
- Алиментарлық (тағам арқылы): Жуылмаған көкөністер мен жемістерді, мерзімі өткен өнімдерді, шала піскен ет пен жұмыртқаны тұтыну;
- Су арқылы: Шикі ағын суды ішу немесе ашық су қоймаларында шомылу кезінде суды байқаусызда жұтып қою;
- Тұрмыстық-жанасу жолы: Кір қол, ортақ ыдыс-аяқ, ойыншықтар және есік тұтқалары арқылы;
- Ауа-тамшылы жол: Кейбір вирустарға (мысалы, ротавирусқа) тән, науқас адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда жұғады;
Инкубациялық кезең (жұққан сәттен бастап алғашқы белгілер пайда болғанға дейінгі уақыт) бірнеше сағаттан 2–5 тәулікке дейін созылады.
ЖІИ-дің алдын алу — гигиена ережелерін сақтау:
- Даладан келгенде, дәретханадан кейін және тамақтанар алдында қолды сабынмен мұқият жуу.
- Туристік жорықтар мен саяхаттар кезінде қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
- Тоңазытқышта тауарлық көршілестікті сақтау: шикі ет пен балықты дайын тағамдардан бөлек сақтау.
- Көкөністерді, жемістерді және көкшөптерді ағынды сумен мұқият жуу (балалар үшін — үстіне қайнаған су құйып алу).
- Рұқсат етілмеген сауда орындарынан өнім сатып алудан аулақ болу.
- Ішек инфекциясымен ауыратын науқаспен араласуды тоқтату немесе барынша шектеу.
- Аурудың алғашқы белгілері анықталған кезде медициналық мекемеге уақытылы жүгіну.
Маңызды! Жедел ішек инфекцияларынан кейін мүмкін болатын қайғылы салдарлар мен ауыр асқынуларды болдырмау үшін емдеуші дәрігердің барлық ұсыныстарын дәлме-дәл орындау, дәріханалық препараттарды тек дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қабылдау қажет.