ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Собирзода Ато Джурабой бастаған ресми делегация келді.
Қонақтарға ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Ауруханада енгізілген заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды. Олардың қатарында медициналық ақпараттық жүйелер, пациенттерге арналған мобильді сервистер, медициналық деректерді басқару құралдары және медициналық көмектің сапасын цифрлық бақылау тетіктері бар.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласын цифрландыру, басқарушы және клиникалық кадрларды даярлау, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның медициналық ұйымдары арасындағы озық тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және денсаулық сақтау саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға уағдаласты.