Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің (СӨСҚҚ) қызметкерлері Қазақстан Республикасы ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының дәрігер-психотерапевтінің қатысуымен 2026 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде көшпелі профилактикалық іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Министрлік қызметкерлерінің эмоционалдық тұрақтылық мәселелері бойынша ақпарат тандырылуын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікке назар аударту және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу.
Дәрігер-психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор Р.З. Мағзұмова қатысушылар назарына «Мемлекеттік қызметшінің эмоционалдық тұрақтылығы: қызмет тиімділігі мен өмір сапасының негізі» тақырыбында презентация ұсынды.
«Салауатты сандарға жет! профилактикалық бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу» тақырыбында СӨСҚҚ дәрігері А.А. Еникеев презентация жасады.
Қатысушылар/тыңдаушылар тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, (эмоционалдық қажу, зиянды әдеттер, ескерту шаралары және алдын алудың ең үздік әдістері) туралы сұрақтар қойды.
Семинар офлайн форматта, сондай-ақ облыстардың аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен бейнеселектор режимінде өткізілді.
Кездесу соңында қатысушыларға профилактика бойынша ақпараттық материалдар/жадынамалар таратылды.
Оқытумен барлығы 60 адам қамтылды (17 қызметкер залда қатысты, 43 қызметкер онлайн форматта қосылды).