Конго Демократиялық Республикасында және Угандада Эбола қызбасының өршу жағдайлары тіркелуіне байланысты инфекцияның таралу қаупі сақталуда және жоғары сақтық қажет.
Эбола — жұқтырған адаммен немесе жануарлармен биологиялық сұйықтықтар арқылы байланыс кезінде берілетін, өлім қаупі жоғары аса қауіпті вирустық ауру.
Негізгі белгілері
Ауру кенеттен басталып, мынадай белгілермен қатар жүруі мүмкін:
— дене қызуының күрт көтерілуі
— қатты әлсіздік
— бас пен бұлшықет ауруы
— тамақтың ауыруы
— жүрек айну, құсу, іш өту
— ауыр жағдайларда — ағзалардың жұмысының бұзылуы
— қан кету белгілері болуы мүмкін
Жұқтыру қаупін қалай азайтуға болады?
Әсіресе шетелге сапар кезінде алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет:
— қолайсыз елдерге барудан мүмкіндігінше бас тарту
— ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болу
— қолды мұқият жуу және антисептик қолдану
— адамдар көп жиналатын орындарға бармау
— тек қауіпсіз суды пайдалану (бөтелкедегі немесе қайнатылған)
— шикі немесе дұрыс піспеген етті жемеу
— көкөністер мен жемістерді мұқият жуу
— бейберекет сауда орындарынан тағам сатып алмау
Қашан шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек?
Егер сапардан кейін немесе байланыстан соң мынадай белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз:
— жоғары температура
— әлсіздік, дененің ауыруы
— асқазан-ішек жолдарының бұзылуы
— жағдайдың кез келген нашарлау белгілері
Есте сақтаңыз! Қазіргі уақытта арнайы емдеу тәсілі толық жоқ, сондықтан алдын алу — сіздің ең сенімді қорғанысыңыз. Қауіпсіздігіңіздің 90%-ы тәртіп пен сақтыққа байланысты. Жеке жауапкершілік — ұжымдық қауіпсіздіктің негізі!