Басты бет17 МАМЫР — БҮКІЛӘЛЕМДІК АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯМЕН КҮРЕС КҮНІ

17 МАМЫР — БҮКІЛӘЛЕМДІК АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯМЕН КҮРЕС КҮНІ

17 МАМЫР — БҮКІЛӘЛЕМДІК АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯМЕН КҮРЕС КҮНІ

Бұл күннің басты мақсаты — халықтың жоғары қан қысымының ауыр асқынулары туралы хабардарлығын арттыру, адамдарды қан қысымын жүйелі түрде өлшеп тұруға және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақыру.

Артериялық гипертония — бұл «үнсіз жау (өлтіруші)». Көп жағдайда ол ешқандай белгісіз өтеді, бірақ инфаркт, инсульт және бүйрек ауруларының қаупін едәуір арттырады. Қорғанудың негізгі жолы — қысымды бақылау және өмір салтын өзгерту.

Қан қысымын бақылауда ұстауға арналған практикалық ұсыныстар:

1. Қан қысымын дұрыс өлшеңіз

  • Иыққа тағатын манжетасы бар автоматты тонометр сатып алыңыз.
  • Қысымды тыныш күйде өлшеңіз (орындық арқалығына сүйеніп отырып, 5 минут демалғаннан кейін).
  • 120/80 сын. бағ. мм қысымы оңтайлы болып саналады.
  • Ересек адам үшін қалыпты көрсеткіш — 130/80 мм сын. бағ-нан төмен.
  • Егер көрсеткіштер үнемі140/90 мм сын. бағ-нан жоғары болса, дәрігерге қаралыңыз.


2. Тұзды шектеңіз

Тәуліктік норма — 5 грамнан аспауы керек (беті тегістелген 1 шай қасық). Тамаққа тәрелкеде қосымша тұз салмаңыз, жартылай дайын өнімдерден, шұжық, чипсы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз — олардың құрамында жасырын тұз өте көп.

3. Көбірек қозғалыңыз

  • Күніне кемінде 30 минут дене белсенділігімен айналысыңыз (жылдам жүру, жүзу, велосипед тебу). Бұл қан тамырларының серпімділігін сақтауға көмектеседі.


4. Салмақ пен тамақтануды қадағалаңыз

  • Артық салмақ қан қысымын тікелей көтереді. Әрбір жоғалтқан 5 кг.салмақ систолалық қысымды шамамен 5 мм сын. бағ-ға  төмендетуі мүмкін.
  • Көбірек көкөністер, жеміс-жидектер, өсімдік көгін, тұтас дәнді дақылдар мен балық жеңіз. Қант пен қаныққан майларды шектеңіз.


5. Зиянды әдеттерден бас тартыңыз

  • Никотин қан тамырларының түйілуін (спазм) тудырады. Темекі шегуден бас тарту — жүрек-қантамырлары ауруларының қаупін төмендетудің ең жылдам жолы.
  • Алкогольді тұтынуды барынша азайтыңыз немесе одан толықтай бас тартыңыз.


6. Стресті басқарыңыз

  • Созылмалы стресс пен ұйқының қанбауы (тәулігіне 7–8 сағаттан аз ұйықтау) қан қысымының жоғары болуына әсер етеді. Тыныс алу жаттығуларын жасап, демалуға уақыт бөліңіз.


Есіңізде болсын! Қан қысымын тұрақты түрде бақылау — адам өмірін сақтап қалатын қарапайым әдет. Денсаулығыңызды бүгіннен бастап бақылаңыз!