Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәр...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қолданыстағы Joint Commission International (JCI) сертификатының аясын кеңейту бойынша инспекциялық аудит өтті. Аталған рәсім 80 төсек-орынға арналған жаңа көпбейінді стационар мен 450 келушіні қабылдауға арналған емхана ғимаратының пайдалануға берілуіне байланысты жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Аурухана өз қызметінің халықаралық аккредитация стандарттарына толық сәйкес келетінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл аккредитация әлемдік деңгейдегі медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын айқындайтын ең беделді бағалаулардың бірі саналады.

JCI жүйесі жаһандық денсаулық сақтау саласындағы «алтын стандарт» ретінде танылған. Бүгінде ол әлемнің 60 еліндегі мыңнан астам жетекші мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымда енгізілген. ҚР ПІБ МО ауруханасы 2016 жылдан бері осы халықаралық қауымдастықтың қатарында болып, 2019, 2022 және 2025 жылдары медициналық қызмет сапасын жүйелі түрде растады. Аурухана инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту, оның ішінде 2023 жылы 200 төсек-орындық емдеу корпусы мен Циклотронды-өндірістік кешеннің ашылуы халықаралық хаттамаларға сәйкестік талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылып келеді.

Кезекті инспекциялық аудиттен сәтті өту ҚР ПІБ МО ауруханасының пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен емдеу тиімділігін арттыру бағытындағы жоғары дайындығын тағы да айқындады. Халықаралық сапа белгісінің жаңа ғимараттарға да берілуі Аурухананың әлемдік деңгейдегі стандарттармен жұмыс істейтін еліміздегі жетекші медициналық мекемелердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.