Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конферен...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика – 2026» халықаралық конференциясы өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 12-13 наурыз күндері «Қазақстандағы тераностика – 2026» атты ядролық медицина мен онкология саласындағы маңызды халықаралық шара өтті. GE HealthCare компаниясы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараның алғашқы күнінде ядролық медицинаның заманауи технологияларына арналған төрт бағыт бойынша тәжірибелік шеберлік сабақтары бір мезгілде өтті. Оқу бағдарламасы ядролық медицина, радиохимия, циклотрондық физика және медициналық физика бағыттарын қамтыды.

Екінші күні «Қазақстандағы тераностика: уақыт келді» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияда АҚШ, Германия, Ресей және Қазақстаннан келген жетекші сарапшылар баяндама жасады. Конференцияға әртүрлі елдерден ядролық медицина дәрігерлері, онкологтер, радиологтер, медициналық физиктер, радиохимиктер мен зерттеушілер қатысып, жалпы саны 300-ден астам маман жиналды.

Қатысушылар радионуклидтік терапия, радиосиновиортез, радиофармацевтикалық препараттарды өндіру және олардың сапасын бақылау сияқты заманауи диагностика мен емдеу тәсілдері бойынша тәжірибелік білім алды. Конференция тераностиканың болашағын талқылауға, ядролық медицинаны дамытуға және жоғары технологияларды медицина тәжірибесіне енгізуге арналған маңызды алаңға айналды.

Шара аясында Қазақстанда жаңа жоғары технологиялық емдеу әдісі – кастрат-резистентті қуықасты безінің қатерлі ісігі салдарынан туындаған сүйек метастаздарын емдеуге арналған радионуклидтік терапия (Ra-223) енгізілді.

Осы бастама аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында Қазақстандағы алғашқы пациент бұл инновациялық емнің алғашқы курсын қабылдады. Бұл технология сүйектегі метастаздарға дәл бағытталып әсер етіп, ауырсынуды азайтуға, науқастың өмір сапасын жақсартуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған әдісті енгізу – Қазақстанда ядролық медицинаны дамыту мен заманауи онкологиялық көмекті жетілдірудегі маңызды қадам. «Қазақстандағы тераностика – 2026» конференциясы тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды талқылауға және халықаралық әріптестікті нығайтуға мүмкіндік берген маңызды кәсіби алаң болды.