Көз аурулары өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді және көру қабілетінің толық немесе ішінара нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ең көп таралған патологиялар:
- рефракция бұзылыстары
- глаукома
- катаракта
Осы аурулардың белгілері мен алдын алу әдістерін білу олардың өршуіне жол бермей, уақытылы шара қабылдауға мүмкіндік береді.
1. Рефракция бұзылыстары – бұл кескіндер торлы қабыққа дұрыс бағытталмайтын жағдай, нәтижесінде көз бұлыңғыр көре бастайды.
Оларға мыналар жатады:
- Сығырлық (миопия, алыстағы заттар анық көрінбейді).
- Қырақтық (гиперметропия, жақын объектілерге назар аудару).
- Астигматизм (барлық қашықтықта бұлыңғыр көру).
|
Маңызды! Бұл жағдайлардың даму және нашарлау қаупін азайту үшін көру қабілетін үнемі тексеріп отыру, түзету көзілдірігін немесе контактілі линза тағу және көз гигиенасын сақтау қажет. |
2. Глаукома – көру нервін зақымдайтын, көру қабілетінің жоғалуына әкелетін аурулар тобы.
Негізгі себеп – көзішілік қысымның көтерілуі.
|
Маңызды! Офтальмологтың тұрақты қарап-тексерулерінен өту, әсіресе 40 жастан кейін, қанның деңгейін қалыпты ұстау, көз инфекцияларының алдын алу, көзішілік қысымды көтеруі мүмкін стресске жол бермеу және шамадан тыс жаттығу жасамау. |
3. Катаракта – бұл қарақтың бұлыңғырлануымен сипатталатын жағдай, көру өткірлігінің төмендеуіне әкеледі. Катарактаның нақты себептері толық зерттелмеген, оның дамуы адамның жас ерекшелігіне және ультракүлгін сәулеленудің әсерімен байланысты.
|
Маңызды! Күннен қорғайтын көзілдірік тағу, антиоксиданттарға баса назар аудара отырып, дұрыс тамақтану, сұйықтық режимін сақтау және үнемі тексеруден өту. |
Көз ауруларының жалпы алдын алу:
- Көзді ультракүлгін сәулелерден қорғау (күннен қорғайтын көзілдірік)
- Қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін бақылау
- Қан қысымын бақылау
- Теңдестірілген тамақтану, антиоксиданттарға бай тағамдар
- Темекі шегуден бас тарту
- 7-8 сағат ұйқы
- Жарақат алу қаупі болса қорғаныс көзілдірігін (ЖҚҚ сияқты) тағу
- Контактілі линза таққан кезде гигиенаны сақтау
- Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру:
- дұрыс қалып, көзден экранға дейінгі қашықтық 60 см және т. б.
- жеткілікті жарық
- экранда жұмыс істегенде «20-20-20» қағидасын сақтау (әр 20 минут сайын 20 секунд алысқа қарау)
- бұзушылықтарды ерте анықтау үшін офтальмологтың жыл сайынғы қарап-тексеруі
Есіңізде болсын, ерте анықталған көптеген көз аурулары толығымен емделеді. Қолайсыздықтың алғашқы белгілерін ерте анықтау көру өткірлігін сақтауға және асқынулардың дамуын болдырмауға көмектеседі.