Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Берлиндегі ірі халықаралық туристік көрмеге қатысты

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Берлиндегі ірі халықаралық туристік көрмеге қатысты

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Берлиндегі ірі халықаралық туристік көрмеге қатысты ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Берлиндегі ірі халықаралық туристік көрмеге қатысты ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Берлиндегі ірі халықаралық туристік көрмеге қатысты ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Берлиндегі ірі халықаралық туристік көрмеге қатысты

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Берлинде өткен әлемдегі ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі – ITB Berlin 2026 көрмесіне қатысты. Астананың атынан қатысқан делегация құрамында аурухана халықаралық Joint Commission International (JCI) аккредитациясынан өткен, жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған заманауи көпсалалы медициналық орталық ретінде таныстырылды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы атынан көрменің «Medical & Health Tourism» секциясына хирургиялық қызмет басшысы Берік Қайкенов пен терапиялық қызмет басшысы Айжан Сәрсенбаева қатысты. Сапар барысында медициналық туризм мен госпитальдық сервис саласында тәжірибе алмасып, білімдерін толықтыруға, іскерлік байланыстар орнатуға және ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасауға мүмкіндік алды.

Көрме 170-тен астам елден келген мыңдаған қатысушы мен ондаған мың сала мамандарын біріктіретін туризм индустриясындағы ең ірі халықаралық алаңдардың бірі саналады. 60 жылға жуық тарихы бар ITB Berlin бүгінде халықаралық әріптестік орнатылып, келісімдер жасалатын және туризм саласындағы негізгі бағыттар талқыланатын маңызды іскерлік кездесу алаңына айналған.

Ел астанасының ITB Berlin көрмесіне медициналық дестинация ретінде алғаш рет қатысуы – қаланың халықаралық имиджін нығайтудағы маңызды қадам. Ал ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының көрмеде таныстырылуы отандық медицинаның әлеуетін көрсетіп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және шетелдік пациенттерді тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.